Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Вид материалаДокументы

Содержание


3.2 Аналар сауалнамасы қорытындысын талдау.
1 блок «Ана мен оның ата-анасысының отбасы туралы жалпы мәлімет»
2 блок «Аналардың жеке өмірі»
3 блок «Туған-туысқандармен ара қатынасының ерекшеліктері »
4 блок «Анасының баласынан бас тартуына деген көзқарасы»
Подобный материал:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

3.2 Аналар сауалнамасы қорытындысын талдау.

Зерттеуге 42 респондент қатысты. Оның ішінде – 32 ана балаларын мемлекет қамқорлығына берген (1 топ) және 10 ана, баладан бас тарту жөніндегі қауіп топтың ықтимал мүшелері (2 топ).

Аналарға 5 блоктан тұратын сауалнамалар ұсынылған (қосымша №2).


1 блок «Ана мен оның ата-анасысының отбасы туралы жалпы мәлімет»


Баласынан бас тартқан аналар ерекшеліктерін және олардың ата-анасымен отбасындағы қарым-қатынасын зерделеуге бағытталған мәселелер.


Кесте 3.2.1 Аналар туралы жалпы мәлімет






Ата-аналық міндетін уақытша атқармайтын аналар (1 топ)

Қауіп тобындағы аналар (2 топ)

Саны = 32

Саны = 10

Саны

%

Саны

%

Жас













18-ге толмағандар

1

3,1

0




19 – 35 жас

22

68,8

6

60

35 жастан асқан

9

28,1

4

40

Ұлты













Қазақ

8

25

4

40

Орыс

16

50

4

40

Украин

1

3,1

1

10

Неміс

5

15,6

0

0

Татар

1

3,1

0

0

Басқасы

1

3,1

1

10

Білімі













жоғары

0

0

2

20

Толық емес жоғарғы

3

9,4

0

0

Орта арнаулы

6

18,7

4

40

Орта

22

68,8

4

40

Толық емес орта

1

3,1

0

0

Әлеуметтік жағдайы













Студент

0

0

0

0

Жұмыссыз

11

34,4

1

10

Қызметкер

3

9,4

3

30

Жеке меншік адамға жалданып жұмыс істейтіндер

18

56,2

6

60

Отбасылық жағдайы













Тұрмыста

2

6,3

0

0

Тұрмыста емес

22

68,8

10

100

Ажырасқан

2

6,3

0

0

Азаматтық неке

6

18,7

0

0

Тұрғын үй жағдайы













Жек меншік пәтер

5

15,6

0

0

Жеке меншік үй

0

0

0

0

Отбасылық пәтер

8

25

4

40

Тұрғын үйі жоқ

13

40,6

3

30

Уақытша тұрғын үй

7

21,8

3

30

Баласы бар













1

4

12,5

5

50

2

11

34,4

4

40

3

11

34,4

0

0

4 немесе көп

6

18,7

1

10


Сауалнамаға қатысқан әйелдердің негізінен жасына қарай «19 - 35 жас» аралығында 1 топта – 68,8%, 2 топта – 60%, «35 жастан» жоғары әйелдер категориясында 1 топта - 28,1%, ал 2 топта – 40%.

Біліміне қарасақ 2 топтағы 20% аналар жоғарғы білімді. Аналардың көпшілігінің орта арнаулы білімі бар. 1 топта 68,8% әйелдің орта білімі бар, 2 топта - 40%. Орта арнаулы білім 1 топта - 18,7%, 2 топта - 40%. 1 топтағы 71,9% әйелдің кәсіби білімі жоқ екен, яғни жұмысқа орналастыру кезінде қиындықтар болатынын топшалауға болады. Әлеуметтік жағдайын талдауы әйелдердің 50% астамы жеке меншікке жалданып жұмыс істейді: 1 топта - 56,2%, 2 топта - 60%. «Жұмыссыздар» 1 топтағы – 34,4%, 2 топта – 10%; «қызметкерлер» - 1 топта – 9,4%; 2 топта 30%.

1 топтағы аналардың орташа табысы 19. 390 теңгені құрайды, ең төменгі орташа табыс 5 мың теңге, ал ең жоғарғы – 60 мың теңгені құрайды. Ал 30 мың тенге және одан да жоғары табысы барлар саны – 12,9%, ал басқаларының табысы 20 мың теңге. 2 топтағы аналардың орташа табысы 21. 000 теңге, ең төменгі табыс 7,5 мың теңге (жәрдемақы), ал ең жоғарғы табыс – 45 мың теңге.

Отбасы жағдайын талдаудан 1 топтағы -75,1% әйелдер, 2 топтағы 100% әйелдер тұрмыста емес. 1 топта 6,3% әйелдер ғана тұрмыста және 18,7% әйелдер азаматтық некеде. Сауалнамада көрсетілгендер бойынша бұл әйелдердің көпшілігі күйеулерінің балаларымен тұрады, ал өз балаларын Балалар үйлері мен Нәрестелер үйіне тапсырады.

Негізнен 1 топтағы әйелдердің 2 (34,4%) және 3 (34,4%), баласы бар. 2 топтағы 50% әйелдердің 1 баласы және 40% - 2 баласы бар. Аналардың жартысының 1 балалары мемлекеттік мекемелерде.

3.2.1 кесте аналардың өмір сүру жағдайлары көрсетілген: «тұрақты тұрғын үйінің болмауы» 1 топта – 40,6% сауалнамаға жауап берген аналар, 2 топтағы – 30%; «пәтер жалдайды» - 1 топта – 25%, 2 топта – 40%; «уақытша тұрғын-үй» («бөлме жалдайды», «таныстарының, құрбыларының үйінде тұрады») 1 топта – 21,8%, 2 топта- 30%.


Әйелдің ата-анасы отбасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктері.


Баладан бас тартқан әйелдің балалық шағында болған отбасылық оқиға мен отбасылық жағдайды зерделеу баладан бас тартуды зерттеудегі мәні зор себеп деген көзқарастамыз. Ана мінез-құлқын қалыптастыру кезіндегі механизмдердің бұзылуы өз ата-анасындағы жағдаймен байланысты болуы мүмкін.

Клиникалық зерттеулер қорытындысы ананың девианттық мінез-құлқының себебі өз анасы арасындағы қарым-қатынас драмасынан туындауы мүмкін. Әйелдердің отбасылық оқиғасы мәліметі бойынша девиантты анадан өз анасы бала кезінде теріс айналған. Бұл аналық депривация ана ролін қалыптастыруда психологиялық әсерін қалдырған.

3.2.2 кестеде респонденттер ата-анасы арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат ұсынылады.


Кесте 3.2.2 Ананың ата-анасы арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері




1 топ

2 топ

Саны= 32

Саны = 10

Саны

%

Саны

%

Отбасы













Толық (әке-шешесімен )

10

31,3

5

50

неполная (с матерью)

16

50

2

20

Толық емес (әкесімен)

0

0

0

0

Толық емес (әжесімен)

2

6,3

0

0

Толық емес (тәтесімен)

0

0

0

0

балалар үйінде

4

12,5

2

20

Басқасы

0

0

1

10

Ата-анасының отбасындағы өзара қарым-қатынас













жақсы

6

20

6

75

Қанағаттанарлық

8

26,7

2

25

Нашар(дөрекілік көрсету,

агрессия, күш көрсету)

10

33,3

0

0

Басқасы

6

20

0

0

Бала кезіндегі ананың қызына деген қатынасы













шектен тыс қамқорлық

0

0

1

12,5

шектен тыс қаталдық

5

16,7

3

37,5

Қабылдамай теріс айналу

3

10

0

0

қамқор болды, түсінді

11

36,7

3

37,5

жауап бермеді

11

36,7

1

12,5

Қыз бала кезінде жақын болды…













Анасына

12

40

4

50

Әкесіне

3

10

0

0

Әжесіне

8

26,7

2

25

Ешкімге

2

6,7

0

0

Басқасы

5

16,7

2

25

Әжесі мен анасының арасындағы қарым-қатынас













өте жақын

2

6,7

0

0

жақсы

13

43,3

4

50

Бір-бірінен алыс

4

13,3

1

12,5

Ұрыс-керіс

7

23,3

0

0

Қарым-қатынасының бұзылуы

4

13,3

1

12,5

Басқасы

0

0

2

25



Аталмыш кестелерді талдай келе, 1 топтағы 50% әйел толық емес отбасында анасымен тәрбиеленген, 6,3% әйелдер толық емес отбасында әжелерімен тәрбиеленген. Ал 2 топта 50% әйел толық отбасында тәрбиеленген, 20%- толық емес отбасында, 20% - балалар үйлерінде тәрбиеленген. 2 топтағы 10% әйел өгей әкесі бар отбасында тәрбиеленген.

1 топтағы 93,7% респонденттер және 2 топтағы 80% респондеттер ата-анасы отбасындағы қарым-қатынасты сипаттап бере алды, аздаған респонденттер (1 топтағы – 6,3%, 2 топтағы – 20%) олар өздері балалар үйлерінде тәрбиеленгендіктен отбасы туралы сипаттауға қиналған, ал бір әйелді 9 жасында асырап алған, ол өзінің қабылдаушы отбасы туралы сипаттаған.

2 топтағы 75% әйел ата-анасы отбасындағы қарым қатынасты «жақсы» деп бағаласа, 25% «қанағаттанарлық» деп бағалаған. 1 топтағы 20% әйел ата-анасы отбасындағы қарым қатынасты «жақсы» деп бағаласа, 33,3% «жаман» (дөрекілік, агрессия, күштеу фактілері орын алған) деп бағалаған және 20% әйелдер «басқасы» деген жауапты таңдаған, анасымен еш қарым-қатынас болмаған, оларды әжесі тәрбиелеген. «Анаңызды қалай сипаттар едіңіз» деген сұраққа әйелдер «ешқандай», «біткен», «анам арақ ішеді» деген жауаптар көрсеткен (сөздер әртүрлі сауалнамалардан алынған).

1 топтағы 36,7% мен 2 топтағы 37,5% респонденттер бала кезінде анасы «қамқор болы, түсінді» деп көрсеткен. 1 топтағы 16,7% мен 2 топтағы 10% респонденттер бала кезінде анасы «аса қатал болды» деп көрсеткен. Ал 1 топтағы 36,7% респонденттерге бұл сұраққа жауап беру қиын болды.

Бала кезінде анасына жақын болғандар 40% әйел 1-топта және 50% әйел 2-топта. Отбасының басқа мүшелеріне (әкесіне, әжесіне, әпкесіне, атасына) 53,3% әйел 1-топта және 2-топта 50% әйел жақын болған. 1-топтағы 6,7% әйел «жоқ мен ешкімге де жақын болған жоқпын» деген жауапты таңдаған.

Әжесі мен анасының арасындағы қарым-қатынасты 1 топтағы 49,9% респонденттер, 2 топтағы 25% респонденттер көрсеткен. Бұл қарым-қатынаста қайшылықтар болған («бір бірінен алшақ болған», «ұрыс-керісті», «қарым-қатынасының бұзылуы»). 2 топтағы 25% респонденттер «басқасы» деген жауапты таңдаған, әжесі ерте қайтыс болған, отбасында көп бала болғандықтан анасы интерната тәрбиеленгендіктен өз әжесін білмеген.

Ана мінез-құлқының қалыптасу механизмдерінің бұзылуы болашақ ананың тұқымындағы жақын адамдарын жоғалту мен айрылудың болуы мүмкін. Отбасылық жүйе теориясына сәйкес балалар өз ата-анасынан үлгі алады, өз ата-анасына және басқа да туыстарына ұқсауға талпынады. Аяқталмаған қайғылы оқиғалар мен түзетілмеген жоғалтулар адам жадында ұзақ сақталып қалып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бұл жағдайда өз анасынан бақыттырақ болуға мүмкіндік бермейді.


Сурет 3.2.1 «Тұқымдағы жақын туысқандарынан айрылу мен жоғалтулар» (1 топ)



3.2.2 сурет «Тұқымдағы жақын туысқандарынан айрылу мен жоғалтулар» (2 топ)




Жүргізілген зерттеулер отбасы жүйесінің теориясын растайды: 1 топтағы 72% әйел, 2 топтағы 50% әйелдің тұқымында жақын туысқандарынан айрылу мен жоғалтулар бар. Оның кеңейтілген отбасында осы оқиғаның қайталанып баладан бас тартуға әкеп соғады.


2 блок «Аналардың жеке өмірі»


Ананың психологиялық, әлеуметтік портретін және психосексуалдық жетілуін зерделеуге бағытталған.


3.2.3 кесте. Аналардың жеке өмірі





1 топ

2 топ

саны = 32

саны = 10

Саны

%

саны

%

Жыныстық өмірінің басталуы













16 жасқа дейін

12

37,5

0

0

18 жасқа дейін

11

34,4

4

40

20 жастан кейін

9

28,1

6

60

Жүктілік













Бірінші рет

3

9,4

3

30

екінші рет

5

15,6

3

30

үшінші рет

12

37,5

1

10

Төртінші және одан да көп

12

37,5

3

30

Нешінші рет босануы













Бірінші рет

3

9,4

3

30

екінші рет

8

25

3

30

үшінші рет

12

37,5

2

20

Төртінші және одан да көп

9

28,1

2

20

Контрацепция әдісін қолдану













Иә

5

15,6

2

20

Жоқ

27

84,4

8

80

Аборт жасату фактілері













Иә

12

37,5

3

30

Жоқ

20

62,5

7

70

Жүктілікті жоспарлау













Иә

20

62,5

3

30

Жоқ

12

37,5

7

70

Жүктілікті үзгісі келетіндер, кедергі













Материалдық қаржының болмауы

2

6,3

2

20

Мерзімі үлкен

6

18,7

1

10

Денсаулығына қайшы

4

12,5

0

0

Басқа

5

15,6

2

20

Жүктілікті үзуге ниеті жоқ

15

46,8

5

50

Жүктіліктілік кезінде дәрігерлерге көрінуі













Үнемі

15

46,8

9

90

Сирек

10

31,3

1

10

Мүлде бармаған

7

21,9

0

0

Баланы босануға дайындық













Иә

25

78,1

10

100

Жоқ

7

21,9

0

0

Баланың туылуы













Перзентханада

31

96,9

10

100

Үйде

1

3,1

0

0

Басқа жағдайда

0

0

0

0

Зиянды әдеттер













Шылым шегу

16

50

3

30

Арақ ішу

2

6,3

0

0

Наркотикалық заттарды қолдану

0

0

0

0

Жоқ

14

43,7

7

70


3.2.3 кесте бойынша 1 топ бойынша аналар жыныстық қатынасқа 16 жасқа дейін-37,5%, 18 жасқа дейінгілері-34,4%, 20 жастан кейінгілері 28,1%, ал, 2 -топ бойынша аналар 20 жастан кейін 60 %, 18 жастан кейін-40 % түскен.

1 топ бойынша әйелдердің 75 %, 2 -топ бойынша 70 % үш және одан да көп босанған. 1 және 2 топ бойынша әйелдердің көбі неше баланы босанатыны және туатыны бойынша анықтауда қиналатынын білдірген.

Сауалнама алу процессінде әйелдердің 1- топ бойынша 84,4% және 2 топ бойынша 80% контрацепция әдісін қолданбайды, ал аборт жасату фактілері 1- топ бойынша 37,5% және 2 топ бойынша 30% анықталды.

Сауалнама қорытындысы бойынша әйелдердің жүктілік 1 -топ бойынша 62,5% және оның 78,1% бала тууға дайын болған, бірақ, олардың жауабына келесі фактіге қарсы: әйелдердің 53,2% гинеколог кеңесіне жүгінбеген немесе барған күннің өзінде сирек барған. Сонда ғана 2- топ бойынша әйелдердің 70% жүктілікті жоспарламағаны, сонымен қатар, олардың 100% тууға дайын болған және де гинекологтарға жиі барып тұрған.

1 және 2-топ бойынша әйелдердің 100% күш көрсету нәтижесінде жүктіліктің болмағанын көрсетеді.

Осындай сауалнамалардың арқасында 1-топ бойынша әйелдердің 43,7%, 2-топ бойынша әйелдердің 70% зиянды әрекеттер байқалмаған, респонденттердің 50% 1-топ бойынша, 2-топ бойынша 30% шылым шегетінін көрсеткен. Бұл мәліметтер аналарда болатын зиянды әрекеттермен қарама-қайшы келетінін, соның ішінде шылым шегу, ішімдік ішу (3.1.3. кестеде) көрсетеді. Сұхбат алушылар әйелдердің сыртқы түрінен зиянды әдеттердің көрінетінін айтқан. Мемлекет қамқорлығындағы балалар статусының болмауын ата-аналарының ата-аналық құқығынан айырылмауы, тұрғылықты жерінің белгісіз болуы, бірнеше жыл бойы іздеуде болуы көрсетеді.

Сонымен қатар әйелдер өз ата-аналарының және жақын туысқандарының ішімдік ішуін (1- топ бойынша респонденттердің 66,7% ішімдік ішу бойынша (әкесі, ағасы, ата-анасы, анасы, өгей әкесі, атасы, әкесінің нашақор болуы) белгілеген, 2 -топ бойынша-33,3%) әйелдердің өздеріне көрсеткен зиянды әрекеттердің өміріне жағымсыз әркет ету фактісінің болуын дәлелдейді.


3.2.3 сурет «Күйзеліс кезінде кімнен көмек күттіңіз?»



Қорытындылай келгенде 1- топ бойынша аналар баланың әкесі тарапынан (43,8 %), туысқандарынан (43,8%), ата-аналарынан (18,8%) көмек күткен. Сондай-ақ, респонденттердің (18,8%) ешкімнен де көмек күтпегенін көрсеткен. 2 -топ бойынша респонденттердің 30% ешкімнен де көмек күтпеген, бірақ та, 20% сауалнамаға жауап бергендердің баланың әкесінен көмек күткенін және 20% туысқандарынан көмек күткен. Қалған 30% осы мәселені қиын санамайды.

3 блок «Туған-туысқандармен ара қатынасының ерекшеліктері »

Осы сұрақтар туған-туысқандармен ара қатынасының ерекшеліктеріне және баладан бас тартуға арналған шешімді өзгертуге қарым-қатынастың тигізетін әсеріне бағытталған.


3.2.4 кесте Туысқандары мен анасының арасындағы қарым-қатынастарының ерекшеліктері





1 топ

2 топ

саны = 32

саны = 10

саны

%

саны

%

Туысқандармен арақатынасы













Жақсы

13

40,6

7

70

Жаман

3

9,4

0

0

араласпайды

16

50

3

30

Туысқандарының жүктілікке және баланы тууға көзқарасы













Жағымды

12

37,5

6

60

Онша қолдамайды

0

0

1

10

бейтарап

11

34,4

1

10

Жүктілікті үзуін талап ету

3

9,4

1

10

Ештеңе білмеу

6

18,8

1

10

Бала мен әкесінің арақатынасы













Бірге тұрамыз

4

12,5

0

0

Сирек араласамыз

5

15,6

2

20

Араласпаймыз

22

68,8

8

80

Әкесінің кім екенін білмеймін

1

3,1

0

0

Туысқандарының баланы мемлекет қамқорлығына беруге көзқарасы













Кінәлау

9

28,1

1

10

Көмек көрсету

4

12,5

5

50

Ешқандай әрекет байқалмады

9

28,1

1

10

Бала жайында білмеді

10

31,3

3

30

Туысқандарының баланы асырап алуға ниеті













Иә

3

9,4

2

20

Білмеймін

2

6,3

0

0

Жоқ

27

84,4

8

80



3.2.4 кесте бойынша қорытындыға қарағанда әйелдердің 1 -топ бойынша 40,6 %, 2 топ бойынша 70 % туысқандары арасындағы қарым-қатынасты «жақсы» деп бағалаған. Өкінішке орай, 1 -топ бойынша респонденттердің 50 %, 2 -топ бойынша респонденттердің 30 %, туысқандарымен араласпайды. Ал, әйелдердің 1 -топ бойынша 9,4% туысқандарымен арақатынасын «жаман» деп белгілеген.

Өкінішке орай әйелдердің 1- топ бойынша 68,8% және де 2- топ бойынша 80% баланың әкесімен араласпайды. Респонденттердің тек аз ғана пайызының айтуынша сирек араласпайды (1- топ бойынша-15,6%, 2- топ бойынша-20%)

Әйелдердің 1-топ бойынша 37,5% және 2-топ бойынша 60% жүктілікке туысқандарының жақсы көзқараспен қарағаны және тууға ниетті екенін білдірген. Алайда, кейбір респонденттердің айтуынша туысқандарының айтуынша бірнеше рет жүкті болған: 1 топ бойынша әйелдердің 34,4% «бейтарап», ал, 9,4%-«жүктілікті үзуді талап еткен». Әйелдердің 1 топ бойынша 18,8% жүкті болғанын туысқандарының білмегенін айтқан. Ал 2 топтағылары басқа көзқарастардың бірлі-жарым болғанын көрсеткен (кестеде көрсетілген).

Балаларын мемлекет қамқорлығына беру жайлы туысқандарының көзқарасын аналары бірнеше рет бағалаған. Оның ішінде респонденттердің 1 топ бойынша 28,1% «өзара сөз ету», 28,1% «бейтарап қарым-қатынас», тек, 12,8% «қолдады» деп жауап берген. Сонда 2 топ бойынша әйелдердің шешімін 50% туысқандарының осы мәселе бойынша қолдағаны, ал 30% балаларының тәулік бойы мемлекетттік мекемелерде болатынын білмегенін айтқан.

Туысқандарының баланы өздері тәрбиелеуге алғысы келетініне респонденттердің (1 топ бойынша-84,4%, 2 топ бойынша-80%) қарсы екенін көрсеткен.

4 блок «Анасының баласынан бас тартуына деген көзқарасы»


Бұл сұрақтар баладан бас тарту мен осы шешімге келуді зерттеуге бағытталған. 1 топ бойынша аналарға балаларын аналарының нәрестелер үйіне қалдыру себебі жайлы қойылды. 2 топ бойынша аналарға бұл сұрақ тек басқаша: «Қандай себептерге байланысты балаларын Үміт үйлеріне беретіні» сұралды.

Басқа сұрақтар мұндай шешім неден туындауы мүмкін, кім итермелеуі мүмкін, осы қиындықты шешу үшін қандай жолдарын қарастырды деген сұрақтар қойылды.


3.2.5 кесте Баласынан бас тарту (уақытша бас тарту)





1 топ

2 топ

саны = 32

саны = 10

саны

%

саны

%

Баласына әкесі және «кеңейтілген отбасы» тарапынан қолдау көрсетілмеуі

5

15,6

1

10

Балалардың ауыруы


1

3,1

-

-

Жақын туысқанының қазасы


2

6,2

-

-

Өмір сүруге қажет материалдық қаражаттың болмауы

16

50

8

80

Жұмысының болмауы


4

12,5

1

10

Тұрғылықты үйінің болмауы


27

84,4

7

70

Әлеуметтік инфраструктуралық жеткіліксіз болуы (ясли, балабақшалар, оңалту орталығы және де т.б.)

2

6,2

6

60

Анасында және баласында құжаттарының болмауы

10

31,3

1

10


4 блок бойынша аналардың осындай шешімге келуі жайлы 2 түрлі сұрақ қойылды: Балаларының нәрестелер үйіне өткізу және тағы да қосымша 3 сұрақ себебін көрсету ұсынылды. Бұл сұрақтар 1 топ бойынша аналар қиналып, тек бір-екі себебін көрсете алды, ал, 2 топ бойынша аналар одан да көп себептерін көрсетті.

3.2.5 кесте көрсеткішіне сүйене отырып мынадай қорытындыға келуге болады: көптеген әйелдер (1 топ бойынша 84,4 %, 70 % 2 топ бойынша) «тұрғылықты жерінің болмау» себебін көрсеткен. Ал, екінші жиі кездесетін жағдай «өмір сүруге қажетті материалдық қаражат тапшылығы» болып табылады. 1 топ бойынша респонденттердің 50%, ал 2 топ бойынша 80% белгілеген.

Сонымен қатар 1 топтың (31,3 %) «бала және анасының жеке басының құжаттарының болмауын» көрсеткен. Ал, 2 топтың респонденттерінің (60 %) «әлеуметтік инфраструктураның (ясли, балабақша) болмауы деп түсіндіреді»


Сұрақ: «Ең бірінші рет баладан бас тарту жайлы ой қашан пайда болды (уақытша мемлекет қарамағына беру)?» аналарының қай кезеңде осындай ой туатынын дәлелдейді.

3.2.4 сурет «Ең бірінші рет баладан бас тарту жайлы ой қашан пайда болды (уақытша мемлекет қарамағына беру)?»


(сауалнамадан өткен 1 топ көрсеткіші%)



3.2.4 сурет 1 топ бойынша әйелдердің (65,6%) баладан бас тарту (уақытша мемлекет қарамағына беру) бала туылғанан кейін біраз уақыттан кейін туындайтынын көрсеткен. Респонденттердің көбісі 2 жастағы балаларға келгенде бас тартуы аз, көбіне 1 жасқа дейінгісін көрсеткен. 28,1% сұраққа жауап берген әйелдер бұны баласынан бас тарту емес «тек уақытша демалыста, яғни, балаларым өзіне керектінің бәрі ала алады», ал, балалары «оны менің анам қалады», «жағдай осылай болды» деп есептеген. Әйелдердің 6,3% баласынан бас тарту сияқты ой босана салысымен туындағанын көрсеткен. Респонденттердің ешқайсысы жүктілік кезінде және жүкті екенін білу кезінде бас тарту сияқты ойдың туындамағанын көрсеткен. Көптеген жүкті әйелдер баласын өздері тәрбиелеп өсіре алам деген болжамға келуге болады.

Респонденттердің 1 топ бойынша 56,3% баласын мемлекет қарамағына беруге шешім қабылдаса, ал респонденттердің 43,7% -күмәні болмаған.


3.2.5 сурет «Кім толыққанды шешім қабылдауға әсер етті?»

(сауалнамадан өткен 1 топ көрсеткіші%)




«Сіз қиындықты шешудің басқа да жолдарын қарастырдыңыз ба деген сұраққа?» әйелдердің көзқарастары әртүрлі: әйелдердің 43,7% іздестірмеген, ал, 56,3%-іздестірген. Мысалы, былай: «жоғары жалақысы бар жұмыс қарастырдым», «бала күтуші іздедім, бірақ, олардың қызметі қымбат», «баланы балабақшаға орналастырғым келді», «баланың әкесімен арақатынасымды түзеуге тырыстым», «туысқандарымнан көмек сұрадым» т.б.

Аналардың 81,2% балаларын өздеріне қайтып алғысы келуге болатыны жайлы мүмкіндіктерді қарастыру туралы ойланған. Ондай жағдайда оларға келесі көмек қажет болар еді: тұрғын-үй мәселесін шешу, тіркеуге тұрғызу, қаржылық қолдау, 1 жастан бастап балабақшаға орналастыру. Сауалнамадағы: «Егер бала Сізбен бірге болса, онда Сіздің өміріңіз қалай болар еді?» деген сұраққа, олар: «қуанар едім», «тыныштық», «иығымнан тас түскендей болар еді, уайым болмас еді», «барлығы жақсы болар еді», «баланы күнде көрер едім». Өкінішке орай, 18,8% әйел баланы қайтарып алуды ойламайды. «Егер бала Сізбен бірге болса, онда Сіздің өміріңіз қалай болар еді?» деген сұраққа, олар: «оны асырауға қаражат болмас еді», «қиыншылықтар көп болар еді», «ештеңе».

2 топтағы 100% респонденттер оларды баладан бас тарту туралы ойы болмағанын көрсеткен және олардың көпшілігінің 4 блоктағы сұраққа жауап бергілері келмеді. 2 топтың аналарымен әңгімелесе келе сұхбаттасушылар олардың көпшілігі балаларының қасында болғанын, олады күнде көруін қалайтындықтарын айтқан. Бұл әйелдер балаларын өздері өсіру мен тәрбиелеу жайында ойлаған. Бірақ ол үшін тұрғын – үй, төлемі жоғары жұмыс табу мәселесін шешу керек.