Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Вид материалаДокументы

Содержание


2 тарау. Зерттеу әдістемесі
2.2 Зерттеудің мақсаты мен міндеті
2.3 Зерттеу жүргізу кезеңдері
I кезең Дайындық жұмысы
Жеке және отбасылық факторлар
II кезең Зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік мекемелерді таңдау
Теміртау қаласы
Жезқазған қаласы
Сәтбаев қаласы
Осакаров ауданы
IV кезең Зерттеуді жүргізу
V кезең Зерттеу нәтижесі бойынша мәліметтерді өңдеу және ұсыныстар әзірлеу
Сауалнамалар мәліметін жинау мен өңдеу
3.1 Мамандар сауалнамасының қорытындысын талдау
1 блок «Жалпы ақпарат»
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Кесте 1.11 Аз қамтылған отбасылар саны және онда тұратын балалар саны туралы мәлімет





Аз қамтылған отбасылар саны

Ондағы балалар саны

Оның ішінде

Әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны

Ондағы балалр саны

Мектепке дейінгі жаста

Мектеп жасында

Қарағанды облысы, 2010

9905

21682

2823

18859

5938

5720


Көрсетілген кестеден, баланы институтционализациялау қаупін тудыратын факторлардың бірі – баланың аз қамтылған отбасы статусы бар отбасында тәрбиеленуі, адрестік көмек алмайды, сондықтан қолайсыз тұрмыста қалып қояды.

Мұндай отбасыларға отбасын сақтап қалу кезеңінде көмек көрсету мүмкіндіктерін қарастыру қажет, оларды қолдай отырып, осындай отбасылардағы балалар жағдайын жақсартуға болады.


Жоғарыда көрсетілген факторлар мен тенденцияларды талдай келе, Қарағанды облысындағы балалар мен отбасылар жағдайын шынайы жақсарту жолын табуға көмектесетін аталмыш проблемаларды кешенді зерттеу керектігі туындайтындығын көруге боады.



2 тарау. Зерттеу әдістемесі

2.1 Зерттеудің негізгі бағыттары

ЮНИСЕФ-тің техникалық тапсырмасына сәйкес зерттеу мақсатты аудиторияға ақпаратты жинау әдісі мен жағдайды бағалау әдістемесіне қарай ерекшеленетін екі негізгі бағыт бойынша жүргізілді.


Кесте 2.1 Зерттеу бағыттары


Зерттеудің негізгі бағыттары

Мақсатты аудитория

Міндеті

Әдістері


Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайының бастапқы ақпаратын жинау және талдау


Мамандар

(денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің)


Ақпаратты жинау


Бас тарту себептері бойынша мамандар ойларын талдау және зерттеу


Бас тартудың алддын алу механизмдері бойынша мамандар ойларын талдау және зерттеу

Құжаттар талдауы

Сұхбат

Сауалнама

Focus топтар (тортық сұхбат әдісі)

Отбасында баладан бас тарту тарихын зерттеу

Отбасы

(аналар мен туыстары)

Баладан бас тартқан отбасы тарихын зерттеу

Баладан бас тарту уәжін зерттеу;

Баладан бас тарту шешімін қабылдау кезеңдері

Сұхбат


Сауалнама

Бақылау



Зерттеу жүргізу және жағдайды бағалау барысында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысындағы баладан бас тарту жағдайларының күйзелістік, ерекшелік, өсу, пайда болу кезеңдері туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін тарихи кезеңдер пайдаланылды. Сондай-ақ бұл әдісте мәліметтер жинақтауда қажетті әрекет жасау элементтері бар. Бұл зерттеушіге саяси, экономикалық, әлеуметтік, институциональдық және жеке факторларды қосуға мүмкіндік берді. Осындай әдісті пайдалана отырып, зерттеуші топ әр отбасының тарихын әріден зерттеуге аса мән берді, яғни проблеманың туындауына тереңірек талдау жасауға мүмкіндік берді. Аталмыш әдісті қолдану кезінде мәліметтерді жинау зерттелетін жағдайдың сандық және сапалық көрсеткішлерін алуға мүмкіндік берді.


2.2 Зерттеудің мақсаты мен міндеті

Мақсаты: Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тартудың негізгі себептерін анықтау және олардың алдын алу бойынша ұсыныстарды әзірлеу.


Бұл мақсаттың шешімі келесі міндет арқылы жүзеге асырылады:

- ана болудан бас тартудың әлеуметтік-психологиялық себептерін зерделеу;

- баладан бас тартудағы отбасылық факторлардың ролін зерделеу;

- алдын алу шарасын өмірде қиын ахуалға тап болған отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясы ретінде қарау;

- баладан бас тартудың алдын алу бойынша ұсыныс әзірлеу.

2.3 Зерттеу жүргізу кезеңдері


Мақсаты мен міндетіне жету үшін зерттеу бірнеше кезеңдерден өтіп, төмендегілерден тұрады:


I кезең Дайындық жұмысы. Сауалнамаларды Қарағанды облысы жағдайына бейімдеп, түзетулер енгізу.

II кезең Зерттеу жүргізуге мемлекеттік мекемелер таңдап алу

III кезең Жұмыс тобының отырысы

IV кезең Зерттеу жүргізу

V кезең Зерттеу нәтижесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу мен дайындау

VI кезең Дөңгелек үстел өткізу, іс- әрекеттер нәтижесі мен жоспарын талқылау

VII кезең Электорды әдістемелік құрал жасау


I кезең Дайындық жұмысы


Зерттеу жүргізу үшін оның мақсаты мен міндеті айқындалды. Зерттеу тобы құрылды. Топ құрамына жоғарғы білімі бар, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс жүргізуде тәжірибесі бар психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер және зерттеулер мониторингін жүргізу саласындағы мамандар енгізілді.

Жағдайды бағалау үшін 4 түрлі сауалнама әзірленді:

Мамандарға арналған сауалнамалар

Мекемелер директорларына арналған сауалнамалар

Аналарға арналған сауалнамалар

Анасының туыстарына арналған сауалнамалар

Сауалнамада жабық (респондент ұсынылған жауаптардың бірін таңдайды), сондай-ақ ашық (респондент өз жауабын көрсетеді) сұрақтар болды.

Баладан бас тарту себебін зерттеу 2 бағыт бойынша құрылды:

1) жеке және отбасылық факторларды есепке ала отырып

2) әлеуметтік және институциональдық факторларды есепке ала отырып


Бас тарту себептері



Жеке және отбасылық факторлар

Әлеуметтік және институциональдық факторлар




Жеке және отбасылық факторлар:

- Шешесі/отбасы ортасы маскүнемк, нашақор;

- Баланың әкесі, «кеңейтілген отбасы» тарапынан қолдау болмауы;

- Ананың психологиялық және әлеуметтік «жетілмеуі»;

- Көп балалық;

- Анасы- балалар үйінің бұрынғы тәрбиелеушісі;

- Анасының өте жас болуы (15 - 18 жас);

- Анасының әлеуметтік-маңызды ауруы (ВИЧ, гепатит, туберкулез және т.б.);

- Баланың ауыруы, туа біткен патологияның болуы

- Отбасылық кикілжің;

- Жақын туысқанының қайтыс болуы;

- Анасының немесе жақын туысқанының денсаулығының күрт төмендеуі.


Әлеуметтік және институциональдық факторлар:

- Анасының өмір сүруге қаражатының, жұмысының болмауы;

- Тұрғын- үй жағдайының болмауы;

- әлеуметтік инфраструктуралардың жеткіліксіздігі (ясли, балабақшалар, бейімдеу орталықтары және т.б.).

- Анасында құжаттар немесе тіркеуі болмаған жағдайда әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесіне қол жеткізу мүмкін болмайды;

- Қазіргі кезде бекітілген мемлекеттік қолдау жүйесі аз уақытқа ғана тағайындалған, кризистік жағдайдан шығу кезеңін толық қамтымайды (сондықтан балалдан бас тарту әр түрлі кезеңдерде болады).

- Өз құқықтары туралы білмеуі (жәрдемақы алу, жеңілдіктер алу және т.б.) және олардың мәнінің төмен болуы.

- Мемлекет қамқорлығына баланы өткізудің оңайлылығы,

- Ауруханалар мен перзентханаларда әлеуметтік қызметкерлермен психологтар штатының болмауы.

- Бала туғаннан кейінгі күйзелісті ауру деп танымау.


II кезең Зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік мекемелерді таңдау


Зерттеуге 2 таңдау жасалды:


1. Зерттеуге аумақтағы әр түрлі типтегі мекмелерді таңдап алу (интернаттық мекемелер, балалар үйлері, нәрестелер үйлері, перзентханалар). 2. Сауалнамалар жүргізуге респонденттер таңдау және фокус-топтар құру: мекемелер басшылары мен мамандар, ата-аналар, туысқандары.

Зерттеу жүргізуге 4 қала мен 1 аудан таңдалды:
  1. Қарағанды қаласы
  2. Теміртау қаласы
  3. Жезқазған қаласы
  4. Сәтбаев қаласы
  5. Осакаров ауданы



Таңдап алынған аудандар мен қалалардың негіздемесі өмірде қиын ахуалға тап болған балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың орналасу жағдайынан туындады. Сондай-ақ кейбір мекемелерде мектеп жасына дейінгі балалар аз, ал басқасында көп, ата-аналармен және баланың туыстарымен жұмыс жүргізу кезінде басымдылық балалар, олардың ата-аналары мен туыстарынан мүмкіндігінше көп ақпарат алатын мекемелерге берілді. Мамандармен жұмыс жүргізу кезінде барлық мекемелерде шаттық кестеге сәйкес таңдау бірдей жүргізілді. Мекеменің басшылары, орынбасарлары, пеадгогтар, психологтар, тәрбиешілер, заңгерлер, медициналық қызметкерлерге сауалнамалар жүргізілді.


Кесте 2.2 Зерттеу жүргізуге мемлекеттік мекемелерді таңдау


Таңдалған аймақ

Балалар мекемелерінің түрлері

Мекемелер саны

Мекмелер мамандарының саны

Сауалнама алынған ата-аналар мен туыстарының саны

Қарағанды қаласы


Балалар үйлері

Даму мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған балалар үйі

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі

Нәрестелер үйі

Үміт үйі

КТБО

Ақыл есі кем балаларға арналған интернат

Қамқоршылық органы

Денсаулық сақтау органдары

1


1


2

2

1

1


1

4 маман


79 адам


60 адам



Теміртау қаласы

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі Пана

Ата –анасының қамқорлығын-сыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат

«SOS балалар ауылы»

Қорғаншылық органы



1

1


1


1

2 маман


30 адам


3 адам

Жезқазған қаласы


Балалар үйі

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі КТБО

Қорғаншылық органы

1

1


1

1

3 маман


17 адам


5 адам

Сәтбаев қаласы


Балалар үйі

Қорғаншылық органы

2

2


25 адам


10 адам

Осакаров ауданы

Балалар үйі

Қорғаншылық органы

1

1 маман


5 адам


3 адам


Мәліметтерді жинау мекемелердің барлық түрлері бойынша барлық таңдалған аймақтарда жүргізілді.

Зерттеуге 18 мекеме қатысты, оның ішінде:
  • 2 Нәрестелер үйі
  • 1 Үміт үйі
  • 4 Балалар үйлері
  • 4 Отбасы түріндегі балалар үйлері
  • 1 SOS балалар ауылы
  • 2 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары
  • 1 Пана
  • 1 Ақыл есі кем балаларға арналған интернат үйі
  • 2 Мектеп -интернат
  • 5 аймақтың қорғаншылық пен қамқоршылық органдары
  • Қарағанды қаласының денсаулық сақтау органдары



III кезең Жұмыс тобының отырысы

Жұмыс тобының отырысына облыстық және қалалық әкімдіктер, Білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармаларының, Қарағанды, Теміртау қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мекемелер басшылары шақыртылды.

Жұмыс тобының отырысына «Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу» жобасының тұсау кесері ұсынылды, сауалнамалар талқыланып, зерттеуді таңдау мен жобаны жүзеге асыру кестесі келісілді.

Отырыс қорытындысы бойынша:

- Жұмыс тобы қатысушылары ұсынған өзгертулер мен толықтырулар енгізілген сауалнама келісілді;

- мекемелерде сауалнама жүргізу мерзімі бекітілді;

- жұмыс тобы отырысының қорытындысы электронды түрде Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Осакаров ауданы мекемелеріне таныстырылды (таңдауға сәйкес).


Өткізілген шара бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылды (жергілікті телеарналар, газеттер).

IV кезең Зерттеуді жүргізу

Зерттеу жүргізу және жағдайды бағалау кезінде зерттеудің сандық және сапалық әдістері қолданылды: сауалнамалар, әңгіме жүргізу, сұрау, фокус-топтар, бақылау пайдаланылды.


Баладан бас тартуды зерттеу екі көзқарас бойынша қарастырылды:


1) баладан бас тарту болған отбасының көзқарасымен.

Респонденттер:

- аналар;

- баланың туыстары.

Зерттеудің нәтижесінде:
  • Баладан бас тарту себебі мен кезеңдері зерделенді.
  • Өз балаларынан және ата-аналарынан бас тартушы, баладан бас тарту қаупіндегі ата – аналар/отбасылар белгілері мен мінездемесі анықталды.
  • Ата-аналарының отбасындағы, жақын туысқандарымен қарым-қатынас ерекшеліктері зерттеленді.
  • Ата-аналарға күйзеліс жағдайына арналған қызмет көрсету жөніндегі ақпарат талданды.
  • Ата-ананың баланы отбасына қайтаруының ықтимал мүмкіндігі зерделенді.


2) Осындай отбасылармен тікелей қарым-қатынас жасайтын түрлі мекемелер мамандарының көзқарасы бойынша жүргізілген езрттеуге қатысушы.

Респонденттер:

1. қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының, денсаулық сақтау басқармасының мамандары

2. балалар мекемелерінің басшылары

3. балалар мекемелерінің персоналдары


Зерттеудің нәтижесінде:
  • Мамандардың лауазымы, еңбек өтілі бойынша статистиканы жіктеп саралау;
  • Мамандардың көзқарасы бойынша әлеуметтік жетімдік пен институционализациялау себептерін анықтау;
  • Балалардың интернаттық мекемеде болу себебі: ата-аналық құқығынан айрылу және баладан ата-анасының бас тарту себебін нақты ажырату;
  • Баладан бас тарту кезеңін және мамандардың көзқарасы бойынша интернаттық мекемеде тұрғылықты тұруға баланың түсу себебінің тарихын зерделеу.
  • Нәрестелер үйі, балалар үйі, жетім балаларға арналған интернаттық мекемелердің баланың отбасы құқығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін зерделеу, оның ішінде:

1) баланы отбасы үлгісіне бейімдеу (ұлттық асырап алу, шетел азаматтарының асырап алуы, қорғаншылық/қамқоршылық, патронат және басқа да баланы тәрбиелеудің баламалы орындары, отбасын нығайту орталықтарының жұмысы)

2) жергілікті қауымдастық пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы (балалармен қонаққа отбасыларға бару, бірлескен шаралар, жергілікті қауымдастық өміріне баланы араластыру және т.б.)

V кезең Зерттеу нәтижесі бойынша мәліметтерді өңдеу және ұсыныстар әзірлеу

Барлық сауалнамаға жауап берушілер:

Мамандар – 156 адам;

Аналар – 42 адам; Туыстары – 39 адам.

300 астам тәрбиеленушінің құжаттары талданды (оның ішінде аналар мен туыстары сауалнамаға таңдап алынды - 81 адам)

Зерттеу материалдары мен баладан бас тарту себебінің тиісті ақпараты жүйелендірілді.

Сауалнамалар мәліметін жинау мен өңдеу

Зерттеудің маңызды кезеңі мәліметтерді өңдеу мен проблемаларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Талдау барысында анықталғаны:
  • Баладан бас тарту болған отбасы тарихын зерделеу,
  • Ата-ананың баладан бас тарту мотивін зерделеу;
  • Баладан бас тарту туралы шешім қабылдау кезеңін анықтау және баладан бас тарту процесін зерделеу;
  • Қарағанды облысында баладан бас тартудың алдын алу мүмкіндіктерін анықтау;
  • Әлеуметтік жетімдік бастауын және институционализациялау себептерін анықтау;
  • Балалардың интернаттық мекемеде болу себебі: ата-аналық құқығынан айрылу және баладан ата-анасының бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттің ата-аналық статусын пайдалану құқығынан ата-ананы айыру себебін нақты ажырату;
  • Интернаттық мекемеде тұрғылықты тұруға баланың түсу себебін зерделеу; баланы интернаттық мекемеге орналастыру туралы шешімді кім қабылдайды.
  • Нәрестелер үйі, балалар үйі, жетім балаларға арналған интернаттық мекемелердің баланың отбасы құқығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін зерделеу, оның ішінде:

1) баланы отбасы үлгісіне бейімдеу (ұлттық асырап алу, шетел азаматтарының асырап алуы, қорғаншылық/қамқоршылық, патронат және басқа да баланы тәрбиелеудің баламалы орындары, отбасын нығайту орталықтарының жұмысы)

2) жергілікті қауымдастық пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы (балалармен қонаққа отбасыларға бару, бірлескен шаралар, жергілікті қауымдастық өміріне баланы араластыру және т.б.)
  • Талдаудың маңызды кезеңі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар проблемасын шешу нұсқалары мен баламалы мүмкіндіктерін анықтау болды.

Зерттеудің нәтижесінде:
  • Жетімдік пен институционализациялауды болдырмауды қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты жақсартуға ұсыныстар әзірленді;
  • Карағанды облысындағы зерттеулер ұсыныстарын орындау жөніндегі іс-қимыл жоспары ұсынылды;
  • ҚР Қарағанды облысындағы зерттеулер ұсыныстары мен қорытындылары туралы мемлекеттік органдар мен қоғам ақпараттандырылды.

Зерттеулер қорытындысы мен талдау осы әдістемелік құралды және шынайы ұсыныстарды әзірлеуге, баладан бас тартудың алдын алу саласындағы қадам жасауға негіз болды.


3 тарау. Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы баладан бас тарту себептерін зерттеу

3.1 Мамандар сауалнамасының қорытындысын талдау

Зерттеуге Денсаулық сақтау, Бiлiм беру, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мекемелерiнiң мамандары және Қарағанды облысының қорғаншылық/қамқоршылық (Қарағанды қаласы, Темiртау қаласы, Жезқазған қаласы, Сатпаев қаласы, осакаров ауданы) органдарының, аналық бөлiмi және Денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты.

Мамандарға 4 блоктан тұратын сауалнама арқылы ұсыныс жасалынды: 1 блок-«Ортақ мәлiмет»; 2 блок-«Денсаулығында ақауы бар балаларды анықтау жағдайында»; 3 блок-«Ата-аналармен байланыс»; (№1-шi қосымшаны қара) 4 блок- «Қызмет көрсету жағдайлары»;


1 блок «Жалпы ақпарат»


Бұл блокта зерттеуге қатысқан мамандар жайлы ақпарат көрсетілген.


3.1.1 кесте. Мамандар жайлы ақпарат





Саны = 156

Саны

%

Карағанды облысы







Карағанды қ.

79

50,6

Теміртау қ.

30

19,2

Жезқазған қ.

17

10,9

Сәтбаев қ.

25

16,1

Осакаров ауданы

5

3,2

Білім мекемесінің түрі







Білім мекемесі

100

64,1

Денсаулық сақтау мекемесі

27

17,3

Еңбек және әлеуметтік қорғау мекемесі

12

7,7

Қамқоршылық пен қорғаушылық мекемесі

(таңдап алған мәліметтерге сәйкес)

12

7,7

Ана және Балалық шақ бөлімі

(Карағанды обылысының Денсаулық сақтау

басқармасы)

5

3,2

Жұмыс өтілі







1-2 жылдан кем емес

53

34

3-5 жыл

30

19,2

5 жылдан астам

73

46,8



46, 8% сауалнамаға жауап берген мамандардың жұмыс өтілі осы мекемеде 5 жылдан астам. Екінші топ бойынша жұмысөтілі 1-2 жылдан кем жұмыс iстейтiн мамандар (34% ). Ал, болмашы пайызды, 3-5 жыл аралығында өтілі барлардан (19, 2%) құралған. Мамандардың үштен бiрi сайып келгенде мұндай мекемелер бойынша жұмыс тәжiрибесi бар және арнаулы дайындықты қажет етедi.

Зерттеу бойынша бiз туындаған қиындықтарды жан-жақты зерттеу мақсатында әртүрлі мамандарды қамтыдық.