«La Lettre Diplomatique» журналы (Франция), 01. 05. 2011, 2011 ж. 3 сәуірде Қазақстанда өткен президенттік сайлаудан кейінгі тәуелсіз бақылаушының ойы

Вид материалаДокументы

Содержание


Қр президентінің кезектен тыс сайлауы
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ




«La Lettre Diplomatique» журналы (Франция), 01.05.2011, 2011 ж. 3 сәуірде Қазақстанда өткен президенттік сайлаудан кейінгі тәуелсіз бақылаушының ойы.


Бейресми аударма

Алберт Фишлер, құрметті профессор, академиялық пальма бұтағы орденінің иегері.

1991 ж. аяғында Кеңес одағының тарауы арасында Қазақстан бар Орталық Азия республикаларының пайда болуына әкеп тіреді. Қазақстан жеке ел болғанынан бастап, әлемдегі ашық экономиканың механизмдерін игеру, оны елде іске асыру, плюралистік демократияның шын мәнінде орнату Қазақстан Республикасының қалауы болды.

Франциядан бес есе үлкен, 130 этностан тұратын тек 16 млн. Республиканың халқы 40 астам дінді тұтынады. Республика өмірге келгенінен бері, оның атымен аталатын этнос еш қашан елдің халқының көпшілігі болған емес. Ел Ресей мен Қытай секілді екі үлкен алыптардың қадағалауларындағы терең анклавта орналасқан. Елде Югославиядағыдай жарылысқа қажетті элементтер жеткілікті.

Не үшін осы негізгі қасиеттерді атап өту қажет?

Адам жанын шындығы мен кешенді және нәзік саясатты жақсы түсіну үшін. Франциядағыдай екі ғасырдан бері ұйымдастырылып, белгілі бір жүйелі сайлау туралы Батыс Еуропада қалыптасқан ойлар тұрғысынан бөгделеу болып көрінетін сайлаудың нәтижесін терең және шынайы көзқараспен сараптау қажет. 1991 ж. бері осы біздің елімізді аса құрметтейтін елмен танысып, ол елге көп мәрте сапар шектім. Мен Қазақстанда өткен соңғы президенттік сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысқан кезімде, ол сапардан Францияға қайта оралғанымда да батыстық болып саналатын елдердің сайлаудың нәтижелерімен келіспеушілік білдірулері мен сайлауды қатты сынға алулары маған екі түрлі ой туғызды.

Барлығынан бұрын еске салатын бір нәрсе елге 1200 аса шетелдік сайлауға бақылаушылар келді, олардың қатарында болған мен Каспий теңізінің жағасында орналасқан Атырау қаласында болдым. Басқалармен бірге бұл қалада «Қашаған» бұрғылау оффшор платформасының Қазақстандық жұмысшылары мен инженерлері дауыс берді. Мұнай саласында қызмет атқаратын әлемнің алып халықаралық фирмаларында істейтін шетелдік инженерлер мен жұмысшылармен барлық уақытта араласа жұмыс істейтін бұл сайлаушылардың шетелдіктермен олардың саясатқа қалай ықпал ететіндіктері туралы пікір алмасу мүмкіндіктері бар.

Сайлау өткен күні мен бес сайлау учаскесінде болдым және «Қашағаннан» бюллетендер салынған жәшікті тік ұшақпен әкелген учаскеде сайлау қорытындысын санауға қатыстым. Бюллетендер санау, материалдық және техникалық жабдықтау тұрғысынан кейбір өзгешіліктерін есептемегенде Франциядағымен бірдей.

Сайлауға мерекелік өң беріп, сайлау учаскесінің сыртында фольклорлық әртістер өлең айтып, би де биледі;

Сайлаудың мектептер мен мәдени ошақтардың ғимараттарында ұйымдастырылды;

Залдың ортасындағы ресми желімделген, ішіндегісі көрініп тұратын сайлау жәшіктері болды;

Қабырғаны жағалай қойылған столдың басында кандидаттардың өкілдері болып табылатын бақылаушылар, сайлаушыларды тіркеп, оларға алфавит бойынша төрт кандидаттың тектері жазылып, әр қайсысының қарсысында сайлаушының таңдауына орай белгі (крест) қоюға арналған төр бұрыш бар бюллетен беруші хатшылар отырған;

Кандидаттардың суреттері бейнеленген бір бірінен артықшылығы жоқ жарнамалар;

Сайлаушы бюллетен алғаннан кейін жабық кабинаға кіріп таңдаған кандидатының тұсына белгі қояды. Ол арадан шығысымен залдың ортасына барып, сайлау жәшігіне бюллетенін салады;

Бюллетендерді санаудан бұрын хатшылар сайлаушылар тіркелген кезде олардың санына орай алдырылған бюллетендердің қалғандарын санайды. Қалған бюллетендердің саны сайлауға қатыспағандардың санын анықтауға мүмкіндік береді;

Сосын бақылаушылардың қадағалауымен сайлау жәшігі ашылып, бюллетендер саналады;

Соңында сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы дауыстап бақылаушылардың (париялардың өкілдерінің, сайлаушылардың, журналистердің) алдында учаскедегі сайлаудың қорытындысын жариялайды;

Күтпеген нәтижеге әкелген сайлаудың қорытындысын өз бетіне қалдыра отырып, оған мынадай түсіндірмелер беруге болады.

Егер ауылдық жердің тұрғындары белгілі бір көрнекті саяси қайраткерге дауыс беруге дағдыланып, қазіргі Президентке (90-98 %) жаппай дауыс берсе, қалалардың тұрғындарының басым көпшілігі, мүмкін аз пропорцияда, сайлауға бойкот жасу жөніндегі саяси тартыстан қашқан қайраткерлердің үндеуіне қосылмай дауыс беруге қатысты. Бір жағынан оның өте маңыздысы үлкен қалалардың сайлаушылары да қазіргі Президент үшін дауыс берді (90-98 %).

Қазақстан халқының сайлауға деген көз қарасын сараптап бағайық. Барлығынан бұрын қазіргі Президенттен басқа сайлауға қатысқан үш кандидатта елдің оларға артқан сенімі мен ел арасындағы беделі болған жоқ. Сыртан келетін ықпалдың шын мәнінде жоқ оны ауызға алып қажеті жоқ.

Керісінше жиырма жылдың бойындағы көрнекті өзгерістердің куәсі болған сайлаушылар, қазіргі Магриб пен Таяу Шығыс елдеріндегі толқулар мен көтерілістерді қадағалай отырып, ұлт аралық мәселелер мен діни қатынастарда тыныштық, баршаны толық қамтымаса да, дегенмен, ұзақ уақытқа бағышталған прогресс және материалдық, экономикалық табыс әкелген кандидатпен тағдырларын байланыстырды. Барлық деңгейдегі жаңару мен өзгерістер үстіндегі, 2010 ж. ЕҚЫҰ төрағалық атқарған (КСРО кірген бұрынғы республикалардың ішіндегі бірінші төрағалық) елдің басшылығында халықаралық саяси және діни ұйымдардың барлығы мойындаған беделі жоғары саяси қайраткер тұр. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін (2003 ж. бері 3 жыл сайын Астанада өтіп тұрады) өткізу бастамасын көтеріп, оны өткізген және Шығыстағы халықаралық ұйымдардағы (Азиядағы өзара тиімді сенім шаралары кеңес (СВМДА), (Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШОС) көрнекті рольі бар Президентінің арқасында энергетикалық, пайдалы қазбалар потенциалы жағынан аса бай ел әлемге танымал болуда.

Соңында, бір еске салатын жайт, мүмкін жай мәселе қатарына саналар, Президентке үлкен жағымды әсер қалдырған, Қазақстанда жоғары ұлттық мақтаныш туғызған іс-шара өтті. Ол жақында Астана мен Алматы қалаларында өткен Қысқы Азия Ойындары. Онда Қазақстанның атлеттері үлкен жетістіктерге жетіп, ойындар барысында Жапония мен Қытайды артқа тастап, көптеген жүлдеге еге болды.

Осы кешенде нәтижелер қандай болмақ, кейбір тұстарды есептемегенде, нәтиже басқаша болуы мүмкін бе еді? Ия, біраз күш салуды қажет ететін салалар бар, барлық саяси қозғалыстар тарапынан саяси плюрализмді қалыптастыруды әдетке айналдыру қажет. Бірақ осы ел басынан өткізіп, жеңуді талап ететін қиыншылықтарды көре елді тұра әрдайым сынға алғанымызда асығыс ат үсті тұжырым жасап, менмендік көрсетпеуіміз абзал. Тәуелсіздік алған кезінде осы ел сияқты геосаяси жағдайда болған, басынан кешірген қиыншылықтары бірдей болған елдермен салыстырғанда, ол барлық салаларда үлкен жетістіктерге жеткенін ескеруіміз қажет.

Биылғы жылы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мақтанышпен мерекелейтін Қазақстан үшін 2011 ж. да оқиғаларға бай болмақшы. Ол Ислам Конференциясы Ұйымында төрағалық атқарады және IV Астана экономикалық форумын ұйымдастырады. Елдің астанасы «Болашақтың энергетикасы» тақырыбына арналған «Экспо-2017» көрмесін өткізуге өзінің кандидатурасын ұсынады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Еуропаға жол» атты Мемлекеттік бағдарлама арналған Еуропаны есептемегенде, 2008 ж. бері Қазақстанмен стратегиялық әріптестік туралы Келісім байланыстыратын Франция біздің дүниемізге ашық, оның үлгісіне еліктеуші осы Орта Азияның еліне сенім артады деп тұжырымдаймыз.