ОҚУ Әдістемелік кешен

Вид материалаДокументы

Содержание


Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен
Пәннің оқу бағдарламасы
2.2Курстың міндеті
2.3 Курстың мазмұны
3. Пән бойынша орындалатын және өткізілетін тапсырмалардың кестесі
3.6 Әдебиеттер тізімі
Қосымша әдебиттер
3.8 Әр түрлі жұмыс түрлерін бағалау шкаласы
4.Курстың саясаты
2.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
2.2 Дәріс сабақтарының тезис түрі
Негізгі әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Филолгия және журналистика институты

Қазақ филологиясы кафедрасы


ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ пәні бойынша


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ мамандығына арналған


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН




Өскемен, 2005


Құрастырған Қ.С.Дүсіпбаева ОӘК қазақ филологиясы

доцент, ф.ғ.к кафедрасы мәжілісінде

талқыланды.

2Хаттама «2»ақпан 2005ж.

ОӘК Филология және

журналистика институтының

кеңесінде мақұлданды

№3Хаттама «7» ақпан 2005ж.

ОӘК-ді баспаға әдістемелік

бөлім ұсынған

« » ақпан 2005ж.


Аннотация «Тіл біліміне кіріспе» пәнінің оқу бағдарламасы мен тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері, оның ғылыми негіздері мен құрылымдық жүйелері толық, әрі қысқа түрде баяндалған. Тіл білімінің басты-басты қағидалары мен тұжырымдары дүниежүзі тілдерінің негізінде сөз етіледі және олардың бәрі тіл білімінің соңғы кездердегі қол жеткізген жетістіктерімен ұштастырылады.

ОӘК қазақ тілі мен әдебиетінде оқитын студенттерге арналған.




Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен. / Құрас.Қ.С.Дүсіпбаева. -Өскемен: ШҚМУ баспасы,2005. -45 б.


С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2005


ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


1.Жалпы түсінік:

1.1 Пәннің аты Тіл біліміне кіріспе

1.2 Қазақ филологиясы кафедрасы

1.3 Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы

1.4 Ақпараттық қатынас: тел., кафедрада болуы, электрондық мекен-жайы: .25-23-07 кафедра;

1.5 Сабақ өткізетін орны мен уақыты №9 ғимарат,сабақ кестесі бойынша.

1.6 Кредит саны 2

1.7 Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семе

стр

Кре

дит

Дәріс

Семи

нар

ОСӨЖ

СӨЖ

Бар

лы

ғы

Бақы

лау түрі

1

1

2

15

15

30

30

90

Емти

хан

1.8 Курстың алғы шарттары

Бұл курсты меңгермес бұрын студенттің тіл білімі туралы яғни тіл білімінің салалары фонетика, лексика, морфология, синтаксис туралы мағлұматтары болып, конспект, реферат, пікір жаза білу, әдебиеттермен жұмыс істей алу дағдысы болуы керек, сондай-ақ, тест әдістерін білуі шарт.

1.9 Постпреквизиттері

Бұл пәнде алынған білім қазіргі қазақ тілінің салалары фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксисті жалпы тіл білімімен байланысты пәндерді оқу барысында пайдаланылады..

2. Курстың қысқаша сипаттамасы:

2.1 Курстың мақсаты

Студенттерді тіл білімінің негізгі ұғымдарымен, терминдерімен таныстырып, оның басты – басты теориялық мәселелерінен хабардар ету .

Дәрістің мақсаты – тіл білімінің негізгі тұжырымдары мен топшылауларын ,соңғы зерттеулердің нәтижелерін , тіл біліміндегі бағыттар мен тілдің онтологиясын баяндап беру .

Семинар сабақтарының мақсаты – дәрісте алған білімдерін бекітіп, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру .

2.2Курстың міндеті

Мамандарды даярлаудың талаптарына сәйкес, тыңдаушы пәнді оқуда мынандай дағдыларды қалыптастыруы керек :

-тіл теориясын меңгеру;

- тіл терминдерін білу;

- тіл философиясын білу;

2.3 Курстың мазмұны

Тіл біліміне кіріспе пәні – жоғары оқу орындарының филология мамандығында өтілетін теориялық пән. Пәннің негізгі мақсаты мен міндеті тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қарастырып, оның басты- басты теориялық мәселелерін баяндап беру. Тіл білімінің зерттеу нысаны мен тілдің анықтамасы; тілдің шығуы мен даму; тіл мен ойлау; тілдің құрылымдық, жүйелілік сипаты, тілдің қызиеттері; тілдердің жіктелуі; жазудың шығуы мен дамуы қарастырылады.

3. Пән бойынша орындалатын және өткізілетін тапсырмалардың кестесі



Жұмыс

тың түрі

Тапсырма ның мазмұны

мен

мақсаты

Ұсы

ны латын әдеб.

Орын

далу уақыт көлемі

Балда

ры (рей

тинг-шкала бой.

П.3.7,3.8.)

Бақы лау тү

рі

Өт

кізетін уа

қы

ты

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Бақы

лау жұмы

сы

1-модуль бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бақылау.

1,2,6.

2 апта




тест

7-ап

та


2

Коллок

виум

Лингвист ғалымдарының еңбектерін білу және ғылыми әдебиеттер жұмыс істеуге баулу.

1,2,6,3.

3 апта




Рефе

рат

9-ап

та

3

Ғылы

ми жоба

Теориялық білімін бекіту және өзіндік пікір қалыптастыру.

1,2,5,6.

5апта




Баян

дама

13-ап

та

4

Бақылау жұмысы

2-модуль бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бақылау.

1,2,3,4,5,6.

2 апта




тест

15-ап та

3.6 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002.
  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М.,1996
  3. Дүсіпбаева Қ. Тіл біліміне кіріспе. Өскемен,2004
  4. Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
  5. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
  6. Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

ҚОСЫМША ӘДЕБИТТЕР
  1. 1.Абаев В.И.. О языковом субстрате. -Алматы,1956
  2. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы А.,1996
  3. Аманжолов С., Әбілқаев АҰйықбаев., И.. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы,1957
  4. Андреев И. Д.. Наука и общественный прогресс . –М,1972
  5. Аханов К..Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы .Қазақстан мектебі. 1964,№8
  6. Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясы негіздері . –Алматы.,2002
  7. Байтұрсынов А. Тіл тарихы А.,1992
  8. Байтұрсынов А.. Тіл тағлымы. –Алматы,1991
  9. Балақаев М.,.Сыздықов Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы: Мектеп, 1968
  10. Бейсенбаева Қ.. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы . - Алматы: РБЖ, 1995.
  11. Бияров Б.. Өр Алтайдың жер-су аттары /Б.Бияров. - Алматы, 2002
  12. Болғанбаев Ә.. Қазақ тілінің лексикологиясы /Ә.Болғанбаев. - Алматы, 1988
  13. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А.,1998
  14. Будагов Р.А.. Система языка в связи с разграничением его истории и современного состояния. –М.,1958
  15. Вопросы языкознание. №1, Б
  16. Головин Б. Н. Введение в языкознание. М.,1973,1977,1980
  17. Гумбольдт В.Фон. Труды по язкознанию. - Москва: «Прогресс», 1984
  18. Жақиев Б.,Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1961
  19. Жұбанов Қ.. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . –Алматы,1966
  20. Исаев С.. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар - Алматы, 1992
  21. Кеңесбаев І., Мұсабеков.Қазіргі қазақ тілі: фонетика, лексика . - Алматы,1985
  22. Қазақ тілінің грамматикасы А.,2001
  23. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. Синтаксис. - Алматы, 1967.
  24. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1959
  25. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселесі. А.,1998
  26. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе -Алматы: Қазақ университеті, 1992
  27. Қашқари М.. Түрік сөздігі - Алматы,1998
  28. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу даму кезеңдері. А.,1989 Т.Қордабаев. Тарихи синтаксис мәселелері. А., 1969
  29. Леонтьев А.Н. Языкознание и психология .-М.,1966
  30. Лингвистикалық география. А.,1968
  31. Малбақов. М.Қазақ сөздіктері /М.Малбақов. - Алматы, 1995
  32. Марр Н... Язык и мышление. – Ленинград, 1991
  33. Материалы к конференции «Язык как языковая система особого рода». - Москва,1967
  34. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А.,1993
  35. Мышление и язык/Сб. М.,1957
  36. Павлов И.П.. Физиология высшей древней деятельности. - Москва-Ленинград, 1951
  37. Реформатский. Агглютинация и фузия как две тенденции граматического строенияслова - Москва-Ленинград: Наука, 1980.
  38. Сайранбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1991
  39. Сайранбаев Т.Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. А., 1981
  40. Салқынбай А., Абақан Е Лингвистикалық терминдер сөздік. –Алматы: Сөздік- Словарь,1998.-304б
  41. Семиотика и восточные языки. - Москва, 1967
  42. Соссюр Ф. де Курс общего языкознание. М.,1933
  43. Томанов М. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1987
  44. Төлеуов Ә.. Сөз таптары - Алматы, 1982
  45. Уәлиұлы Н.. Фразеология және тілдік норма /Н.Уәлиұлы. - Алматы, 1998
  46. Хасанов Б. Языки народов Казахстсна и их взаимодействие. А.,1970
  47. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А.,1990
  48. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. А.,1985
  49. Шендельс Е.М. Связь языкознание с другими науками. М.,1962
  50. Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі . - Алматы, 1991
  51. Энгельс Ф.. Анти- Дюринг, Қазақша басылуы.-Алматы,1957
  52. Ярцев В.Н.. Теория субстрата в истории языкознания. –« Доклады и сообщения Института языкознания» вып. 9.1956

3.7 Рейтинг-шкала

Бақылау түрі

Балдары

Ағымдық (дәріс, семинар,СОӨЖ,СӨЖ реферат)

40

Аралық (коллоквиум, бақылау жұмысы)

20

Қорытынды

40

Барлығы

100

3.8 Әр түрлі жұмыс түрлерін бағалау шкаласы:

1. Дәріс – 5 бал ( дәріске қатысу-2, конспектілеу-1, өзіндік ойын айту-2)

2. Семинар сабақтары – 5 бал (семинар жауптарын жазып келу-2, айту-2, пысықтау сұрақтарын қою-1)

3. Ғылыми жоба – 5 бал (СӨЖ бойынша)

4. Конспект – 5 бал(СӨЖ бойынша)

5. Қысқа тест – 5 бал

6. Бақылау жұмысы – 15 бал

7. Реферат – 10 бал (жазу-5, безендіру-1,қорғау-4)

8. Үй тапсырмасы – 10 бал

Барлығы: 60 бал

4.Курстың саясаты
  • сабаққа кешікпеу;
  • сабақта ұялы телефонды өшіріп қою;
  • босатқан сабақтарды өтеу;
  • уақытында орындалмаған тапсырмалар үшін қорытынды бақылаудың бағасы кемітіледі;
  • оқу үрдісіне белсенді араласу;
  • дебат сабақтарға қатысу міндетті;
  • әр сабаққа дайындалу міндетті;
  • емтиханда көшіруге тиым салынады;
  • крустастары мен оқытушыларға тілеулес болу;
  • студенттің ар кодексін сақтау;
  • кітапханаға міндетті түрде бару;
  • сабақтан сұранғанда пән оқытушысына міндетті түрде ескерту;
  • емтиханға қатыспауы 0 балға саналады;

2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1Курстың тақырыптық жоспары

Тақырыптың аты













Дәріс

Семи

нар

ОСӨЖ

СӨЖ

Тіл білімі туралы жалпы түсінік

1

1

2

2

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны . Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні

2

2

4

4

Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі Тіл мен ойлау

2

2

4

4

Тілдің таңбалық , құрылымдық және жүйелік сипаты . Синхрония және диахрония .

1

2

3

3

Тілдің дыбыстық жүйесі Фонология туралы жалпы түсінік .

1

1

3

3

Тілдің лексика жүйесі мен құрамы

1

1

2

2

Грамматикалық ұғымдар .

1

1

3

1

Грамматиканың салалары .Морфология, синтаксис.

2


2


2


2


Тілдің дамуы .

Тілдердің өзара әсері

2


2


3


3


Жазу және оның даму кезеңдері.

1

1

2

4

Дүние жүзі тілдері және оларға

классификация

1

1

2

2

Қорытынды

15

15

30

30

2.2 Дәріс сабақтарының тезис түрі

1-ДӘРІС

Тақырыбы: Тіл білімі туралы жалпы түсінік

Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.

Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.

Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.

Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінң пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды.

Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі:4,14,33,51

2 –ДӘРІС

Тақырыбы: тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны

Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.

Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.

Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категорилар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым қатынасы анықталады.Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалады. Сол қорытындылар мен топшылаулардың негізін оқулықтар жазылып, сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық жағы дегеніміз осы.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 3,4,5, 29, 30,36, 45,48,49.

3 –ДӘРІС

Тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі

Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, А.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демек олар «тілді туады, өседі, өледі» деп санайды. Бұл дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екіші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніпп отыратын құбылыс.Сонымен қатар кейбір ғалымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады.Ол «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады.», - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес.Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауыда ғана дамиды. Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.

Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңі-күйді білдіруі – эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті,белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы - номинативті және т.б.

Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де , ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де , ойлау да – қоғамдық құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді.Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар.(Ф.Шлейермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын құбылыстар.(В.фон Гумбольд,Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп қарастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді.(Ф. Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте.Диалектикалық материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 4,14,15 ,17, 29,32, 37.

4 –ДӘРІС

Тақырыбы: Тілдің таңбалық, құрылымдық жӘне жүйелік сипатта

Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.

Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.

Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.

Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады.Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,4,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 14, 33,39, 38,42 ,48.

5 –ДӘРІС

Тақырыбы: Тілдің дыбыстық жүйесі

Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен заңдылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім.Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық,перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады.Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім – фонология деп аталады. Фонема – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX ғ. 70-80 жылдары жасаған.

Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдіерінің табиғатына асаүйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизмзаңдылығымен үйлес. Сингорманизм заңдылығын с.мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция,элизия және т.б. фонетикалық құбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық құбылыстар, инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,2,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 6,8, 9,10 ,19,21.

6–ДӘРІС

Тақырыбы: Тілдің лексика жүйесі мен құрамы

Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика Лексика болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын жаңа затқа, құбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады. Лексикологияда зерттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар: дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитивті; трансформациялық тәсіл.Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөз бен зат. Сөз номинативті мағынаға ие.

Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.

Ономасиология-атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым – этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.

Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.

Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді: халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық этимология кеңінен зерттелуде.

Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 11,12,13,16,19,2 5,31,45.

7 –ДӘРІС

Тақырыбы: Грамматикалық ұғымдар

Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы..

Морфема дегеніміз-сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс. Грамматикалық мағына грамматикалық форма арқылы беріледі.Грамматикалық мағына дегеніміз- сөздің лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Грамматикалық форма дегеніміз – грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Сөз формаларының екі түрі: синтетикалық және аналитикалық. Грамматикалық мағыналар әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер: афиксация, ішкі фиксия, қосарлану, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, екпін, интонация.

Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік, көптік, жақ, шақ, рай етіс.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 3, 8,20,22,23 ,24,43, 47,50.

8 –ДӘРІС

Тақырыбы: ГРамматиканың салалары

Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.

Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып бөлінеді.

Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болдып екі топқа бөлінеді.

Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалассөйлем болып үш топқа жіктеледі.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 18,23,24,28,38,39,44,50

9 –ДӘРІС

Тақырыбы: Тілдің шығуы мен дамуы жӘне олардың Өзара Әсерлері.

Адамзат тілінің шығуы-алғашқы адамдардың пайда болуымен байланысты.Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі – жалпы адамзат тілінің шығуы, екіншісі – жеке ,нақты тілдердің шығуы. Әрине жеке тілдердің пайда болуы кейінгі дәуірлердің үлесіне жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық тіл білімінде қойылған болатын. Онда тіл «табиғи» және «жасанды» құбылыс деген екі қарама-қарсы көзқарас болғаны мәлім. Кейін бұл екі бағыт ортағасырлық ,Қайта өркендеу, ағарту дәуіріне дейін шешімін таппай келді. XVIII ғ.бастап ғылыми-философиялық тұрғыда қарастырыла бастады. (Ж.Ж.Руссо, И.Г.Гаман, И.Гердер). Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В.фон Гумбольдттың әйгілі тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен дүниетанымдарын жасау үшін қажет...» деген.Тілдің шығуы туралы теориялар: дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік теория,қоғамдық шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік тоерия деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.

Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.

Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар бірінен бірі туып отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру болып біріккен. Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап, территориялық, мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда болады.. Феодализмнен капитализмге көшу барысында ұлт пайда болып, халықтық тіл ұлт тіліне айналады.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 7,9,37,40,43

10 –ДӘРІС

Тақырыбы: Тілдің дамуы

Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген.. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың барлығы қате көзқарастар .Н.Я.Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.

Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс мен салаларының заңдылықтарына байланысты.Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі.

Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері.Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 1,9,28,46,52

11 –ДӘРІС

Тақырыбы: Жазу жӘне оның даму кезеңдері

Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні. Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу.Жазудың түрлері: шумер жазуы, көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері, протоүнді жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жажуы, кункумжазуы, кана жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы,көне семитжазуы, финикия жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, угарит жазуы, арамей жазуы, манихей жазуы, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы және т.б.

Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптер жиынтығы алфавит деп аталады.

Графика-белгілі бір тілдегі фонемалар және олардың тіркесе белгілеу тәсілдерінің жиынтығы.

Орфография-дұрыс жазу нормасын зерттейді.Қазіргі уақытта дұрыс жазу үшін 2001 жылы шыққан орфографиялық сөздікке сүйенеміз.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 2,8,10,21.

12 –ДӘРІС

Тақырыбы: Дүние жүзі тілдері жӘне оларға классификация

Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша тіл бар.Олардың ішінде тайпа тілдері де, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес.Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері.

Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялық классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ.Семья деген термин – шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген – бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.

Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негіізден тараған тілдердің арасында да болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады..Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип.

Ареалдық топтастыру-географиялық яғни, территориялық орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданыла бермейді. Бұл тек диалектология, ареалдықлингвистикада сөзболады.


Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 26,27,37,43.

2.3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

1- семинар Тіл білімі туралы жалпы түсінік

сҰРАҚТАРЫ 1) Тіл білімінің зерттеу нысаны.

2) Тіл білімінің салалары.

3) Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімі.

4) Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.

Тіл білімінің салаларының әрқайсысына сатылай комплексті талдаудың сызбаларын жаса.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі:4,14,33,51

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:Жыл бойы пайдаланатын сөздік, семинар дәптерлерін бастау керек.Сатылай комплексті талдауды жүргізуде басшылыққа сызбалар алынады. Сатылай комплексті талдауды жүргізуде әр сатылардың көрсетілген жүйесін қатаң сақтау керек.

Ескерпе семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мақсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады. Студент семинар сабақта қаралып отырған мәселелеге көзқарасын білдіруге, оқығандарының ішінен қажетті нысанды таңдап алуға, айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді

2- семинар тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны

сҰРАҚТАРЫ
  1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
  2. Тіл білімінің басқа ғылымдарменн байланысы.
  3. Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері.
  4. Тіл білімінің практикалық мәні

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.

Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орнын сурет арқылы көрсет.

Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысына схема жаса.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 3,4,5, 29, 30,36, 45,48,49.

Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау: 20-бетте көрсетілген.

3 - семинар Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі

сҰРАҚТАРЫ
  1. Тілдің табиғаты.
  2. Тілдің қызметі.
  3. Тіл мен ойлау.

ТАПСЫРМА ТІЛДІҢ ТАБИҒАТЫ – ДЕБАТ

1.Тіл- алланың сиы.

2. Тіл- еңбектің жемісі.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 4,14,15 ,17, 29,32, 37.

Әдістемелік нұсқау: Жақтайтын позицияны нақты дәлелдер арқылы көрсету; айтайын деген ойды нақты дәл етіп жеткізуге дағдылану;

4 семинар Тілдің таңбалық, құрылымдық жӘне жүйелік сипаттары

сҰРАҚТАРЫ
  1. Тілдің таңбалық сипаты.
  2. Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты.
  3. Синхрония және диахрония.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.

Тілдің таңбалық сипатын кесте арқылы көрсет.

Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипатының схема арқылы түсіндір.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 14, 33,39, 38,42 ,48.

Әдістемелік нұсқау: 20-бетте көрсетілген.

5- семинар Тілдің дыбыстық жүйесі

сҰРАҚТАРЫ
  1. Фонология туралы жалпы түсінік.
  2. Фонология мен фонеманың айырымдық белгілері.
  3. Фонологиялық процестер мен заңдылықтар, сәйкестіктер.
  4. Фонетикалық құбылыстар.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.Берілген мәтінге фонетикалық талдау жаса.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: : 6,8, 9,10 ,19,21.

Әдістемелік нұсқау: Фонетикалық талдау мына үлгіде жасалады: мысалы кітабым деген сөзді талдау үлгісі:

К – дауыссыз, қатаң, тіл ортасы, шұғыл.

І – дауысты , жіңішке қысаң, езулік.

Т – дауыссыз, қатаң шұғыл,тіс.

А – дауысты, жуан, ашық, езулік.

Б – дауыссыз, ұяң, ерін, шұғыл.

Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік.

М – дауыссыз, үнді, мұрын жолды.

6- семинар Тілдің лексика жүйесі мен құрамы

сҰРАҚТАРЫ
  1. Лексикология туралы жалпы түсінік.
  2. Лексикология салалары.
  3. Сөз және оған тән белгілір.
  4. Семасиология мәселелері.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.Берілген мәтінге лексикалық талдау жаса.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 11,12,13,16,19,2 5,31,45.

Әдістемелік нұсқау: Лексикалық талдау да сөздердің мағынасы, қай қорда жұмсалатыны, стильдік реңкі айтылады.

7- семинар Онамистика жӘне фразеология

сҰРАҚТАРЫ
  1. Ономасиология және этимология.
  2. Фразеология мәселелері.
  3. Лексикография.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Сөздердің семантикасын сөздіктер арқылы түсіндір.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 11,12,13,16,19,2 5,31,45. ,42 ,48.

Әдістемелік нұсқау: 20-бетте көрсетілген.

8- семинар I модульде Өткен тақырыптарды пысықтау

- Лидер сабақ

II модуль

9- семинар Грамматикалық ұғымдар

сҰРАҚТАРЫ

1) Грамматикалық ұғым туралы түсінік.

2) Грамматикалық мағына мен форма.

3) Грамматикалық тәсілдер.

4) Грамматикалық категория.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Берілген сөйлемге грамматикалық талдау жаса.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 3, 8,20,22,23 ,24,43, 47,50.

Әдістемелік нұсқау: Граммтикалық талдау мына үлгіде жасалады: берілген сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің лексикалық мағынасымен қатар, грамматикалық мағынасын, грамматикалық формасын, граммтикалық тәсілін көрсету. Мысалы: оқып жүр – лек. мағынасы –қимыл, грам. мағынасы- шақтық, жақтық, грам. формасы –ып көсемше және нольдік, грам. тәсілі – аналетикалық.

10- семинар СӨз таптары

сҰРАҚТАРЫ
  1. Сөз таптарының шығуы мен дамуы.
  2. Сөз таптары мен олардың жіктелуі.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Берілген сөйлемді сөз таптарына қарай талдау жаса.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 3, 8,20,22,23 ,24,43, 47,50.

Әдістемелік нұсқау: сөздерді сөз таптарына былай талдау жасайды: сөз қай сөз табы екенін анықтап, одан кейін, біріншіден,мағыналық түрін, екіншіден, құрамын ажыратамыз.

11- семинар Синтаксис

сҰРАҚТАРЫ
  1. Сөз тіркесінің құрылымы.
  2. Сөйлемнің құрылымы.
  3. Құрмалас сөйлем.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: : 3, 8,20,22,23 ,24,43, 47,50.

Әдістемелік нұсқау: Синтаксистік талдау дегеніміз – сөйлем түрлеріне, сөйлем мүшелеріне талдау.

12 -семинар Тілдің шығуы мен дамуы жӘне олардың Өзара Әсерлері.

сҰРАҚТАРЫ
  1. Тілдің шығуы туралы теориялар.
  2. Тілдің шығуы туралы діни ұғымдар. (Моногенез теориясы).
  3. Ру, тайпа, ұлт тілдері.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Тілдің шығуы туралы діни-аңыз әңгімелер жинақтау.

ДЕБАТ
    1. Тілдің шығуының ғылыми жағы.
    2. Тілдің пайда болуы туралы аңыз әңгімелердің шындық жанасуы.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 7,9,37,40,43. ,42 ,48.

Әдістемелік нұсқау: 20-бетте көрсетілген.

13 -семинар Тілдің дамуы

сҰРАҚТАРЫ
  1. Тілдің дамуы туралы теориялар.
  2. Тілдің дамуының жалпы заңдары.
  3. Тілдің дамуының жеке заңдары.
  4. Тілдердің өзара әсері.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Тілдің дамуына өзіңнің көзқарасыңды жазып келу.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 1,9,28,46,52.

Әдістемелік нұсқау: Өз көзқарасыңды білдіру үшін барлық пікірлерді саралап шығып, белгілі бір негіздерге сүйене отырып, дәлелді , жүйелі түрде айту керек. Сонда өз ойыңды ұтымды жеткізесің.

14 -семинар Жазу жӘне оның даму кезеңдері

сҰРАҚТАРЫ 1) Жазудың шығуы мен дамуы.

2)Жазудың түрлері.

3)Алфавит. Графика. Орфография.

ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Жазудың түрлерін қағазға түсіру.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: : 2,8,10,21. ,42 ,48.

Әдістемелік нұсқау: 20-бетте көрсетілген.

15- семинар Дүние жүзі тілдері жӘне оларға классификация

сҰРАҚТАРЫГенеологиялық классификация.
  1. Типологиялық классификация.
  2. Ареалдық классификация.


ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.Гениологиялық және типологиялық класификацияны жаттау.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 26,27,37,43. ,42 ,48.

Әдістемелік нұсқау: 20-бетте көрсетілген.

2.5 Оқытушымен студенттің өздік жұмысының жоспары.

Студенттің шығармашылығы мен ойлау өрісін дамыту мақсатында ОСӨЖ –дің түрі сөзжұмбақ түрінде беріледі.

1.1. Тапсырма

Тарихи-салыстырмалы әдіс (өкілдері, еңбектеріне анализ)

1.2.Тапсырма

Тіл білімі туралы жалпы түсінікке анаграмма құра.

ОСӨЖ-дің өту түрі – баяндау

ОСӨЖ –ді орындау барысында әртүрлі сөзжұмбақтарды қарастырып,технологиясын меңгеру керек. Сұрақтары жеке, жалпы тіл білімі айналасында болуы тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

2. Тапсырма

Психолингвистика, нейролингвистика ғылымдарының жетістіктерін талқылау.

ОСӨЖ-дің өту түрі – пікір талас

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

3. Тапсырма

Тілдің шығуы туралы діни-аңыз әңгімелерден материалдар жинақтап, талқылау.

ОСӨЖ-дің өту түрі – әңгіме

Әр түрлі діни кітаптардағы тек тілге қатыстысын алып, А.Яссауи атындағы дін институтының оқытушыларынан пікір алу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

4.1. Тапсырма

Тілдің таңбалық сипаты. Қазақ графикасы қандай әліпбиге көшу керек? Мерзімді баспасөз материалдарын талқылау.

4.2 Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипатына сөзжұмбақ құрастыр.

ОСӨЖ-дің өту түрі – пікір талас, сөзжұмбақ.

«Ана тіл», «Қазақ әдебиеті» газеттеріндегі материалдар бойынша. Сұрақтары жеке, жалпы тіл білімі айналасында болуы тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

5. Тапсырма

Ф. де Соссюрьдің «Жалпы тіл біліміне» талқылау.

ОСӨЖ-дің өту түрі –пікір талас.

Еңбекті толық оқып шығып, ол туралы пікірлер оқу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

6.1. Тапсырма. Фонетика саласындағы соңғы еңбектердің айырмашылығын талдау жасау

6.2 Тілдің фонетика сласына сөзжұмбақ құрастыр.

ОСӨЖ-дің өту түрі – сөзжұмбақ.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

7.1. Тапсырма

Лексикология саласындағы соңғы бағыттар. (Авторефераттар бойынша.) –конспект.

7.2 Тілдің лексика сласына сөзжұмбақ құрастыр.

ОСӨЖ-дің өту түрі – сөзжұмбақ.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

8. Тапсырма

Функционалды грамматикаға көзқарастар.

ОСӨЖ-дің өту түрі – талқылау

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

9. Тапсырма

Қазақ тілінің кеңестер одағы тұсындағы тілдермен әсерін мерзімді баспа сөз арқылы талқылау.

ОСӨЖ-дің өту түрі - талдау.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

10. Тапсырма

Тілдің классификациясына сөзжұмбақ құрастыр.

ОСӨЖ-дің өту түрі – сөзжұмбақ.

ОСӨЖ –ді орындау барысында әртүрлі сөзжұмбақтарды қарастырып,технологиясын меңгеру керек..

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 мен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының әр түрлі сандары.

11.Тапсырма

Тілдің дауы тақырыбында «Жұлдызды сәт» сабағына жоспар жаса.

ОСӨЖ-дің өту түрі – жарыс.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Әдістемелік нұсқау ең алдымен қазақстан мектебі және Қазақ тілі мен әдебиеті журналындағы сабақ жоспарларымен таныс.

2.6 СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ

р\с


Сөждің тақырыптары


Са

ғат са

ны


Жұмыс

тың түрі


Ұсыны

ла

тын әдеб. тізімі


Орын

дал

атын мерзі

мі

1.

Дүние жүзі тілдеріне ортақ жалпы белгілер .



Консп.

14,15,16,

42

2-апта

2.

Тіл білімінің өзге ғылымдармен байланысы .




Рефе

рат


40,41,49

3-апта

3.

Тілдің даму заңдарының объективті сипаты .




Рефе

рат





4-апта


4.

Ұлттық тілдердің пайда болу жолдары .




Ғылы

ми баянда

ма

7,8,9,14

5-апта

5.

Тілді классификациялаудың маңызы .




Ғылы

ми баянда

ма

2,16,2,27

6-апта

6.

Сөйлеу әрекетінің әлеуметтік жағы.




Рефе

рат


29,33,35,

46

7-апта

7.

Алғашқы тайпалық тілдер .




Қиықшалар қалыптастыру

9,14,1,17

9-апта

8.

Диференцияция ( бөліну ) және интеграция ( бірігу ) тілдердің негізгі тарихи даму процестері .




Консп.


14,15,16,42

10-апта

9.

Жазудың мәдениет , қоғам тарихындағы мәні




Консп.


2,8

11-апта

10.

Тіл заңының мәні




Жат

тау




12-апта

11.

С . Аманжолов еңбектері




Тезис


2,3

13-апта

12.

К.Аханов еңбектері




Тезис


1




13.

Шығыс Қазақстан тілші ғалымдарының еңбектері




Карта

тека, рефе

рат

11,2,3

15-апта

Әдістемелік нұсқау – тезис ғылыми жұмыстардың негізінде жазылады, айтатын ой өте қысқа, нақты, дәлелді түрде жазылады және бет көлемі 0,06 б.т. ,яғни 1 бет болу керек. Конспект – оқулықта жазылғандарды қысқаша өзіңе түсінікті етіп жазу. Картатека дегеніміз ғылыми еңбектердің авторы, аты, баспасы, жылы және бет саны жазылған қиықшалар. Реферат та, ғылыми баяндама да кіріспе бөлімнен, негізі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебтеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, нысаны, зерттеудегі мақсат пен міндеті, теориялық және практикалық мәні, қолданылған әдіс-тәсілдер мен тұжырымдар беріледі. Тарауларда негізгі ой түйінделеді. Қорытынды да ешкімнің пікірі берілмейді, тарауларда түйінделген ой мен тұжырымдар беріледі. Әдебиеттер тізімі қолданылуы бойынша нөмірленіп көрсетіледі. Бет көлемі – компьютерде А4 қағазында 14кегель, 1,5 интервалмен кем дегенде 15 бет, қолжазбамен 20 бет.