Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған

Вид материалаДокументы

Содержание


1.1 Жалпы экономикалық жағдай
Инвестициялық сала
Коммуналдық мүлікті басқару
Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту
Ауыл шаруашылығы
Көлік және коммуникация
Автомобиль жолдары
Автомобиль көлігі
Темір жол көлігі
Сыртқы экономикалық қызмет
Еңбек ресурстары
Жастар саясаты
Тұрғын үй саласы
Білім беру
Денсаулық сақтау
1.2.11. Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы
1.3 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру
Металл өңдеуде
1.3.2 Қосымша құны жоғары болатын экспортқа бейімделген өнімдер шығару
1.3.3 Технологиялар мен инновацияларды дамыту
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы

баяндама


Кіріспе


Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Ортамерзімдік жоспары (әрі қарай - Жоспар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 14 маусымындағы №647 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік жоспарын әзірлеу Ережесіне сәйкес дайындалған.

Жоспар сыртқы және ішкі факторларға байланысты облыс экономикасының 2008-2010 жылдардағы даму қарқынын негіздейді және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған әрекетін анықтайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары мен 2006-2008 жылдарға арналған Үкімет Бағдарламасында анықталған басымдылықтары іске асыру мен мақсатқа жету үшін ортамерзімдік жоспарда экономика саласының даму міндеттері анықталған және оларды шешу жолдары ойластырылған.


Ортамерзімдік жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

- 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың болашағы мен жағдайы туралы баяндама;

- 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды көрсеткіштерінің болжамы;

- жоспарланған кезеңде оларды қаржыландыру көлемі көрсетілген қолданыстағы және әзірленіп жатқан аймақтық бағдарламалардың тізбесі ;

- қолданыстағы және әзірленіп жатқан аймақтық бағдарламалар аясындағы басымдылықты бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі;

2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторлары.


1. Облыстың 2005-2007 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы мен тенденциясын талдау


    1. 1.1 Жалпы экономикалық жағдай



      1. Қызмет көрсету салаларын дамыту


Қарағанды облысының 1.04.07 жылғы қаржы секторын 2 деңгейлі 16 банктің 29 филиалы, 7 ломбарды, 49 уәкілеттік ұйымдар, 4 дербес сақтандыру ұйымдары мен 18 филиалдары және сақтандыру ұйымдарының өкілдері, 12 кредиттік серіктестік, 192 халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынған. Сонымен қатар, аймақта «БТА ипотека, «Қазпошта» РМК филиалы», «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ өкілдері, сонымен қатар шағын кредитік ұйымдар, зейнетақы жинақтау қорлары қызмет етеді.

Аймақтың қаржылық нарығының көрсеткен қызметтерінің көлемі, спектрі мен сапасы жағынан маңызды сегменттері мен ең дамығандарының бірі болып банктік сектор қалуда.

Банктік сектор қызметінің негізгі көрсеткіштері соңғы жылдарда оң мәнді тұрақты динамикаға ие. Осылайша, 2005 жылы экономика салалары мен халыққа 244,3 млрд. теңге сомасында, 2006 жылы 416 млрд. теңге кредит берілген (2005 жылға қарағанда өсу қарқыны – 170 пайыз). Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 154,6 млрд. теңге сомасында кредит берілгенін есепке алғанда, осы көрсеткіштің жылдық болжамы 618,7 млрд. теңгеге дейін жетуі мүмкін.

2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша берілген кредиттер бойынша ссудалық қарыздар 196,8 млрд. теңгені құрады, 2005- және 2006 жылдардың осындай кезеңімен салыстырғанда бойынша 2,1 және 1,3 есе артқан.

Аймақ бойынша берілген кредиттердің негізгі үлесі (70 пайызы) ұзақ мерзімді.

Экономика саласына кредит бергенде артықшылық жағдайды сауда (24 пайыз)

және жеке еңбек қызметтері (48 пайыз). Өнеркәсіпке 1,4 пайыз кредиттік салымдар, құрылысқа 6 пайыз, ауыл шаруашылығына – 2 пайыз, көлік пен байланысқа – 1 пайыз, басқа салаға – 5 пайыз.

Шағын бизнес саласына арналған кредиттер көлемінің артуы жалғасуда. 2005 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері 53,9 млрд. теңгеге, 2006 жылы -86 млрд. теңгеге кредит ұсынған. Кредиттік салымдар 2005 жылмен салыстырғанда 32,1 млрд. теңгеге артқан. 2007 жылы осы көрсеткіш (ағымдағы жылдың 1 тоқсанында берілген кредиттерге шаққанда – 25,4 млрд. теңге) 102 млрд. теңгеге дейін жетуі мүмкін.

ШКС кредитерінің үлесі орташа есеппен жалпы берілген кредиттен 20 пайызға дейін келеді.

Коммерциялық банк жүргізген пайыздық саясат келесідей болған: 1.04.07 ж. қолданыстағы ставкаға ҚР Ұлттық банкін қайта қаржыландыру 9 пайыз жылдық, берілген кредиттер бойынша орташа өлшем ставкасы 104 пайызды құраған және 2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда 4 және 2,5 пайызға азаюы сипатталады.

Шағын кәсіпкерлікке берілген кредиттер бойынша көтермелеудің орташа өлшем ставкасы 15,1 пайызды құрады және 2005- және 2006 жылдармен слыстырғанда 1,8 ден 0,5 пайызға дейін төмендеген.

Банктердің кредиттік портфелдерін кеңейту мен олардың ресурстар базасын нығайту бұрынғыша өз капиталдарының артуы мен тартылған қаражаттар – жеке және заңды тұлғалар депозиттерінің артуына ықпал етті. Осылайша, облыстың банктік мекемелеріне тартылған депозиттер көлемі 1.04.07 жылы 161,0 млрд. теңгеге жетті. Жеке және заңды тұлғалардан тартылған депозиттер көлемі 2005 және 2006 жылдардың тиісті кезеңіне қарағанда 2,4 есе және соған тиісті 53 пайызға артты.

Аймақ халқына «Қазпошта» АҚ көрсеткен қызметтерінің қамтуы мен спектрі кеңеюде. Қазіргі кезде «Қазпошта» АҚ КФ пошталық және қаржылық қызмет көрсетулері облыстың 548 елді мекенінде ұсынылады, оның 498 ауылдық жерлерде орналасқан.

2005-2007 жылдары дәстүрлі пошта қызметтерімен бірге облыстық филиалдардың бөлімшелері халыққа және жеке тұлғаларға қосымша қаржылық және агенттік мынандай қызметтерді көрсеткен:

- мерзімді депозиттар мен қажетіне дейінгі салымдардың салымдық операцияларын жетілдіру;

- Тарапты ұйымдар пайдасына салықтар мен коммуналдық төлемдерді қабылдау (бұл қызмет көрсетулердің 2 – деңгейлі банктерден ерекшелігі халық үшін тегін қызмет көрсетеді );
  • жеке және заңды тұлғалар есептерін есептеу-кассалық қызмет көрсетулері;
  • зейнетақы мен еңбекақыларды төлеу.


2005 жылы облыс бойынша халыққа Альянс Банкпен Агенттік келісім бойынша тұтынушылар кредиттерін беру бойынша жаңа қызмет көрсетулер басталды. Қазіргі кезде Агенттік келісім бойынша 2 деңгейлі банктер және кредиттік ұйымдармен осы қызмет көрсетулерді дамыту іске асырылуда. 2006 жылы «Қазпошта» АҚ төлем кәртішкелері арқылы клиенттерге қызмет көрсету басталды.

      1. Инвестициялық сала


2006 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 147,3 млрд. теңгені немесе 2005 жылғы деңгейге 91,3 пайызды құрады. 2006 жылы инвестицияның азаюының негізгі себебі 2005 жылы мынандай: Қазақстан-Қытай мұнай өткізуі «Атасу-Алашанькоу» пайдалануға енгізу (26,8 млрд. теңге), «Миттал Стил Теміртау» АҚ үзіліссіз қорғасын құю цехын пайдалануға беру (34,9 млрд. теңге) ірі жобаларды іске асыру, «Жәйрем ГОК» - ның ғимараттарына, жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізумен (3,0 млрд. теңге), технологиялық жабдықтарды модернизациялаумен түсіндіріледі.

2006 жылы осы кәсіпорындар негізгі капиталға 36,9 млрд. теңге инвестиция салған, бұл 2005 жылғы деңгейдің 57 пайызын құрайды.

Біраз инвестиция қара және түсті металлургия өңдеу саласына және инвесторлардың энергетика объектілерін, көмір өнеркәсіптерін алуларына, қолданыстағы кәсіпорындардың рудалық базасын кеңейту мен негізгі қорларын жаңартуға салынған.

Шет ел инвестицияларының көбірек көлемі (65,5 пайыз) шет елдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындармен игерілген. Шет ел инвестицияларының қалған бөлігі 34,5 пайызы шет елдің өз меншігі кәсіпорындарына келеді. Олардың арасында: «Миттал Стил Теміртау» АҚ мен «Қарағанды сыра шығару зауыты эфес» ЖК ЖАҚ, онда шет ел инвестициясы есебінен қолданыстағы кәсіпорындарды қайта жөндеу іске асырылады.

2006 жылы кәсіпорындар мен ұйымдар, халық қаражаты өндіріс қорларын жаңартуға жіберілген, жаңа қуаттар мен басқаларды енгізу 94,7 млрд. теңгені құрады (2005 жылға 110,7 пайыз).

2007 жылы негізгі капиталға 38, 5 млрд. теңге шет ел инвестициясы игерілетін болады, бұл 2006 жыл деңгейіне 130 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылы негізгі капиталға кәсіпорындар мен ұйымдар, халық қаражаты есебінен инвестиция 104,2 млрд. теңгені немесе 2006 жылғы деңгейге 110,1 пайызды құрайды. Облыс кәсіпорындары бірқатар жаңа өндірістерді енгізуді жоспарлауда, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес өндірісті қайта жөндеу, жаңа негізгі қаражатты ауыстыру мен алу, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерін алу мен қайта жөндеу.

Облыстағы инвестиция салу бойынша басымдылықты құрылым саласында тау кен рудасы мен өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясы, газ бен су өндірісі болып қалуда.

      1. Коммуналдық мүлікті басқару


Коммуналдық меншіктегі объектілерге түгендеу жүргізілді, онда 2006 жылдың сәуірінен бастап маусымы бойынша 24 бюджеттік бағдарлама әкімшісі, қалалар мен аудандардың 18 әкімдігі қамтылды.

Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілер тізбесі бекітілді. 2007 жылы аукциондар мен тендерлерде 55 объектіні іске асыру жоспарлануда.

2006 жылы коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалға беруден облыс бюджетіне жоспардағы 56,5 млн. теңге орнына 62,7 млн. теңге түсті, бұл жоспарға 110,9 пайызды құрайды. (2005 жылы мүліктік жалға беруден жоспардағы 67,5 млн. теңгенің орнына 72,5 млн. теңге түсті, жоспар 107,3 пайызға орындалды).

Облыс бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарына 86,3 мың шаршы метр алаңға мүліктік жалға алуға 1190 шартқа отырылды.

2006 жылдың соңында жойылған және қайта құрылған ұйымдарды есепке алғанда заңды тұлғалар саны өзгерді , барлығы 1616, ММ – 1238, КМҚК -308, КМК -49, АҚ, ЖШС мемлекеттік үлес қатысуымен – 21. Коммуналдық меншіктегі мүліктердің нақты активтер сомасы анықталды, қалған сомасы 11 млрд. теңгеден артықты құрайды. Жоюға жататын негізгі қаражат сомасы 1122,6 млн. теңге.

2006 жылы 12 сауда өткізілді (6 аукцион және 6 тендер). Есеп беру кезеңінде барлығы коммуналдық меншіктегі 14 объект сатылды. Коммуналдық меншік объектілерін сатудан облыс бюджетіне жоспардағы 80,4 млн. теңгенің орнына 81,7 млн. теңге ақшалай қаражат түсті, бұл жоспарға 101,5 пайызды құрайды.

      1. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту



2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2005 жылмен салыстырғанда 5,0 пайызға артты және 39975 бірлікті құрады, оларда жұмыс істеушілер саны 101,1 мың адамды құрады (немесе 2005 жылға 106,4 пайыз), аймақ кәсіпкерлері өндірген өнім көлемі (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 78,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жыл деңгейінен 116 пайызға жоғары.

2007 жылы шағын кәсіпкерліктер субъектілері өндірген жоспарланған өнімдер көлемі 85,1 млрд. теңгені құрауы керек, бұл 2006 жылдан 6,2 млрд. теңгеге көп (108,0 пайызға).

Шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2007 жылы 1125 бірлікке 39975 тен 41100 бірлікке дейін өседі (103,0 пайыз).

2007 жылы шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істегендер саны 5,0 пайызға артады және 106,1 мың адамды құрайды және 2006 жылмен салыстырғанда 5,0 мың адамға артады.

Кәсіпкерлікті дамытуда кәсіпкерлікті қаржылай қолдау маңызды рөл атқарады. Шағын кәсіпкерліктер субъектілеріне берілген кредиттер көлемі 2005 жылы 50,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде екінші деңгейлі банктер 49,6 млрд. теңгені, 2006 жылы – 78,3 млрд. теңгені, оның ішінде екінші деңгейлі банктер 77,8 млрд. теңгені, 2007 жылы – 95,0 млрд. теңге жоспарлануда, оның ішінде екінші деңгейлі банктермен 94,6 млрд. теңге.

Қызметтерін жүйелендіру және бәсекелестікті дамыту мақсатында қазіргі кезде Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылы субъектілерінің өзара тиімді әрекет Стратегиясы әзірленуде. Стратегияның мақсаты облыстың экономика жүйесін, жалпы мемлекетте шағын және орта бизнесті қолдауды әрі қарай дамыту кезеңін құру болып табылады.

Бәсекелестік кәсіпкерліктің құрылуына жетекші рөлді шағын бизнестің көптеген даму факторлары атқарады, олар конструктивті келісімнің нарықтық механизмін құрады және әр түрлі субъектілер арсында өзара әрекетті – аймақтық маңызды жобалар қызметтерін іске асыруда ықтимал серіктестіктер. Атап айтқанда, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-бірліктерді, мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, білім беру, консалтингтік және басқа құрылымдар өзара әрекет механизмін құру мен қамтамасыз ету.Қарағанды облысында әкімнің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 09/14 Қаулысымен бекітілген, бәсекелестік жөніндегі Кеңес құрылған. Кеңес қызметтерінің мақсаты Қарағанды облысы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар негізгі міндеттері бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан, жақын және шет ел нарығында тауарлар мен қызмет көрсетулерге жоғары қосымша құнмен жылжыту бағыты болып табылады. Кеңес мемлекеттік және жеке секторлар өкілдерінен тұрады. Кеңесті басқаруды Кеңес төрағасы – Қарағанды облысының әкімі іске асырады.

Бәсекелестікті дамыту үшін «Металлургия- метал өңдеу» және «Қарағанды қаласының фармацевтік кластері» кластерлер қызметтері іске асырады, солардың төңірегінде Үйлестіру Кеңестері құрылған және олардың жоспарларына техникалық және кәсіптік білімді кадрлар даярлау сапасын арттыру үшін оқу орталықтарын ашу дұрыстығының мәселелері, еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру.

Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамытуға білімді бәсекеге қабілетті басқару мен кәсіпкерлік талаптарын өздері талдауға, өздері нормалауға, өздері ұйымдастыруға, өздері басқаруға, өзара пайдалы қызмет схемасына келісуге және басқаларға бағытталған. Бәсекелестікті басқару және кәсіпкерлік қабілеттер соңында кәсіпорындардың, аймақтың жалпы мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетулерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламасын іске асыру кәсіпкерлік ортасының анық өскенін көрсетті. 2006 жылы 2005 жылдың шілдесімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6322 бірлікке өсті (51062 бірліктен 57384 бірлікке дейін). Өндірілген өнімдер көлемі (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 20,9 млрд. теңгеге, бюджетке төлем – 1,5 млрд. теңгеге өсті.

Жалпы Бағдарламаны іске асыру жоспары орындалған, оны іске асыруға қарастырылған бюджет қаражаты игерілді: бизнес субъектілері үшін сайт құрылды, кәсіпкерлерге маркетинг, менеджмент және бухгалтерлік есептер бойынша оқу жүргізілді және консультация беру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Осылайша, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін облыстық бюджеттен 2004 жылы – 7,1 млн. теңге, 2005 жылы – 5,0 млн. теңге, 2006 жылы -11,8 млн. теңге, 2007 жылы – 8,4 млн. теңге бөлінді.

«Кәсіпкерлік қызметтерін қолдау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру барысында:

- 2004 жылы мына қалаларда: Балқаш Жезқазған, Қарағанды, аудандар: Осакаров, Қарқаралы және Жәйрем кентінде 6 шағын бизнес орталығы құрылды. 919 консультация берілді, 199 бизнес-жоспар құрылды, 623 кәсіпкер оқытылды.

- 2005 жылы: Осакаров, Қарқаралы, Бұқра жырау, Жаңаарқа, Шет және Абай ауылдық аудандардарында 6 шағын бизнес орталығы құрылды. 1734 консультация көрсетілді, 462 бизнес-жоспар әзірленді, 1315 кәсіпкерлер оқытылды.

- 2006 жылы Қарағанды, Шахтинск қалаларында, Осакаров ауданында облыс кәсіпкерлеріне ақпараттық портал әзірлеуге, Оскаров ауанында шағын бизнес орталығын құруға трансферттер бөлінді (277 консультация көрсетілді), Шахтинск қаласының кәсіпкерлері оқытылды (123 кәсіпкерлер оқытылды).

Сонымен қатар, импорт алмастыру Бағдарламасына сәйкес импорт алмастыру өнімдерін жеткізуге шартқа отыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мысалы, 2006 жылдың басында 54 шағын және орта бизнес кәсіпорындары 5,5 млрд. теңге сомасында өнім жеткізу ұсынылды, олар ұсыныстың жалпы сомасынан 17,5 пайызды құрайды. 01.01.07 жылғы ахуал бойынша шағын және орта бизнес субъектілері жеткізген нақты өнімдер көлемі 9,0 млрд. теңгені құрады, бұл жағдайда бағдарлама қатысушыларының саны 142 бірлікті құрады.

2006 жылы 2007-2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жаңа Бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен нәтижелер шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет қаражатынан шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге 5,0 млн. теңге бөлінді.

Зерттеу төңірегінде 503 бизнес субъектісіне келесі қызмет түрлері бойынша: құрылысқа – 13 пайыз, ауыл шаруашылығы өндірісіне – 4 пайыз, көлікке – 13 пайыз, тауар өндірісі мен халық тұтынуларына – 7,5 пайыз, сауда, тұрмыстық қызмет көрсетулерге – 58 пайыз, оқыту, консалтингтік және басқа қызмет көрсетулерге – 4,5 пайыз сауалнама жүргізілді.

Қарағанды облысының имиджін отандық және әлемдік нарықта анықтау мақсатында 100 негізгі Инернет-сайттарда талдау жүргізілді, соның негізінде РR- стратегия бағыты анықталды, ол Қарағанды аумағына кәсіпкерлікті дамыту үшін артықшылық береді.

Қарағанды облысында өткізілген, шағын кәсіпкерлік қоғамына қатысты және жалпы экономикалық реформаларға қатысты анықтау бөлігінде облыс халқына социологиялық сұрау жүргізілді (3 мың адамға). Өткізілген зерттеулер Қарағанды облысының шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселелерінің картасын құруға ықпал етті.

      1. Өнеркәсіп


2006 жылы өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 717,2 млрд. теңгені немесе 2005 жылға 138,7 пайызды құрады. Табиғи индекс көлемі – 104,9 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлемінің үлес салмағы 11,2 пайызды құрайды. 2007 жылы көлем 2006 жылға қарағанда 3,8 пайызға өсіп 744,8 млрд. теңге көлемінде күтілуде.Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2006 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 46,2 млрд. теңге өнім өндірілген, табиғи индекс көлемі 108,3 пайызды құрады. Көмір өндіру 7,8 пайызға, теміррудасы 6,4 пайызға, қорғасын-цинк 6,1 пайызға артты.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – де Жомарт кен орны жобалау қуаты жылына 4 млн. тонна рудамен пайдалануға енгізілді. Жыланды кен орнында жылына 2 млн. тонна руда беретін жобалау қуатымен Сары-оба руднигінің құрылысы басталды.

«Жәйрем ГОКы» АҚ жылына 500 мың тонна жобалық қуатымен марганец пен темір рудасын өңдейтін байыту фабрикасының құрылысы аяқталды.

2007 жылы тау кен өңдеу саласында 49,1 млрд. теңгеге немесе 2006 жылға қарағанда 106,2 пайызға өнім өндіру жоспарлануда. Бұл жағдайда көмір өндіру 7,5 пайызға, цинк қойыртпасы – 7,7 пайызға, кокс өндірісі – 36,1 пайызға артады.

2007 жылдың 1 жартыжылдығында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Нұрқазған ПО «Қарағанды түрлі-түсті металл» байыту фабрикасының құрылысы аяқталып пайдалануға беру ойластырылуда.

Өңделетін өнеркәсіп көлемі 2006 жылы 629,6 млрд. теңгені құрайды. Табиғи индекс көлемі 105 пайызды құрады.

Өнеркәсіп өңдеу саласын талдау металлургия өнеркәсібінде 2006 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнім 546,2 млрд. теңгеге, ТИК – 103,4 пайызға өндірілді. Тазартылған алтын өндірісі 13,9 пайызға, цинк металы -15,5 пайызға, тазартылған мыс -2,6 пайызға артқан.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ қайта жөндеуі аяқталып, жылына 917,0 мың тонна кокс жобалық қуатымен шығаратын №7 кокстік батарея жұмысы іске қосылды. Кокс өндірудің артқаны қазақстандық тұтынушылар сұранысын қанағаттандырады.

АҚ жылына 400 мың тонна жобалық қуаты бар сортты прокат станының құрылысы басталды. Өндіріс республиканың құрылыс индустриясының артқан сұраныстарына бағытталған.

2007 жылы өндіріс көлемі 562, 2 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 102,9 пайызды құрады. Тазартылған алтын өндрісін 1,6 пайызға, тазартылған мысты – 3,2 пайызға, металлды цинкті – 5,4 пайызға, қорғасынды – 19,2 пайызға, жалпақ прокатты – 30,5 пайызға арттыру күтілуде.

«Балқаш түрлі-түсті металл» ПО күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылыын аяқтау болжамдануда, бұл Балқаш қаласы мен жалпы аймақтың экологиялық жағдайын біраз жақсартады.

Металл конструкциясын өндіру көлемінің 14,2 пайызға, қара металдан раковина мен мойкалар мен басқа бұйымдардың 2 есе артуы есебінен дайын металдық бұйымдар өндірісінің табиғи көлем индексі 230, 0 пайызды құрады, құндық жағдайда 8,4 млрд. теңге немесе 2005 жылғы деңгейге 125 пайыз.

2007 жылы «Имсталькон» АҚ КФ мен «Сантехпром» ЖШС көлемдерінің артуы есебінен 2006 жылға қарағанда 6 пайызға өсіп 8,9 млрд. теңге болуы күтілуде. Бұл жағдайда металл конструкциялық құрылыс құрастырғыштарының өндірісі 5 пайызға, резервуарлар, цистерналар мен бактар 5 пайызға және орталық жылу беру қазандықтары 8,4 пайызға өсуі күтілуде.

Машина жасау өнімдерінің көлемі 2006 жылы 14,3 млрд. теңгені немесе 2005 жылға қарағанда 134,4 пайызды құрады, өндірістің табиғи көлемі 1,3 есеге өсті. Машина жасау өнімі көлемінің күтілетін өсімі (құндық жағдайда) ағымдағы жылы 15,5 пайыз жоспарлануда және 16,6 млрд. теңгені құрайды. Көлемдердің өсуі сырты қапталған сымдар мен кабелдердің артуының күтілуіне байланысты (103 пайыз) және өнеркәсіп сипатындағы қызмет көрсетулер (жылжымалы состав жөндеу).


Металдық емес минералдық өнімдер өндірісінің жалпы көлемі 2006 жылы 11,0 млрд. теңгені немесе 2005 жылға қарағанда 123,3 пайызды құрады. ТИК 104,6 пайызды құрады. Цемент өндірісі артты (2005 жылғы деңгейге 108,1 пайыз), силикатты және шлакты кірпіш (2,8 есе), бетоннан жасаған құрылыс конструкциясы (108,3 пайыз) өсті.

2007 жылы металды емес минералды өнімдер өндірісі 12,9 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 117 пайызды құрады. Бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары мен цемент өндірісін 5 пайызға артту күтілуде. Бұған 2006 жылы іске қосылған «Тұмар тас» ЖШС, «Кератек» ЖШС, «Мықты құрылыс технологиясы» және басқа құрылыс материалдарын шығаратын жаңа өндірістер ықпал етеді.


2006 жылы тамақ өнеркәсібінде табиғи индекс көлемі маргарин (96,8 пайызға), майонез (92,5 пайызға), шоколад, шоколад пен қанттан істелген кондитер бұйымдары (89 пайызға) азайғанынан 0,2 пайызға кеміген. Төмендеудің басты себептері «Қарағанды маргарин зауыты» АҚ қайта жөндеу жүргізілуге және осыған ұқсас арзан импорт тауарларының нарыққа толтырылуына байланысты. Өткен жылы барлығы 32,1 млрд. теңгеге өнім өндірілген, бұл 2005 жылға қарағанда 105,6 пайызды құрайды. 2007 жылы осы саланың өнім өндірісінің күтілуі 2006 жылға қарағанда 33,7 млрд. теңге немесе 105,1 пайызды құрайды. 2006 жылмен салыстырғанда ет пен субөнімдер 7,0 пайызға, макарон мен соған ұқсас бұйымдар 5 пайызға, сыра 16,1 пайызға біраз артады, бұл тұтынушылар сұранысының арту деңгейіне ықпал етеді.

Өткен жылы химия өнеркәсібі кәсіпорындары 5,1 млрд. теңгеге немесе 2005 жылға қарағанда 88,1 пайызға шығарылды, ТИК 84,3 пайызды құрады. Көлемдердің азаюы «ТЭМК» ЖШС шығаратын карбид кальциді сату нарығының азаюымен түсіндіріледі. Ағымдағы жылы осы сала кәсіпорындары 5,2 млрд. теңге сомасына өнім өндіруді жоспарлауда, бұл 2006 жылға қарағанда 101,2 пайызды құрайды, бұл жағдайда азот өңдеушілері өндірісінің (101,6 пайызға), полимер негізінде сыр мен лак өндірісін (101 пайызға) өндіру күтілуде.


2006 жылы рәзіңке мен пластмасса бұйымдары жөніндегі сала кәсіпорындары 4,6 млрд. теңгеге өнім шығарған немесе 2005 жылғы өнеркәсіп өнімі көлемінен 1,1 есеге көп (ТИК). Конвейер ленталар өндірісі 9,2 пайызға, пластмассадан трубалар, трубкалар, қолғаптар мен шлангтар, фитингтер 4,7 пайызға өскен. 2007 жылы өндіріс көлемі 5,2 млр. теңгені немесе 2006 жылға 111,3 пайызды құрайды. Конвейер лентасының көлемі 4 пайызға және пластмассадан істелген тақтайлар мен плиталар 3 пайызға өседі.

Сонымен қатар, носки-шөлке шығару көлемі (125,7 пайызға), ерлердің трикотажынан басқа сыртқы киімдері (107,2 пайызға) артқан. 2007 жылы тоқу мен тігу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 0,9 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 103,5 пайызды құрайды, күтілетін өнімдер носки-шөлке бұйымдарын 5 пайызға, сыртқы трикотаж кимідерді 4,2 пайызға шығаруды арттыру есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ағаш өндіру саласының көлемі 2006 жылы 0,29 млрд. теңгені, ТИК -85,6 пайызды құрады. Азаю өнімдерді тапсырыспен шығаруға байланысты. Ағаш терезе, рамалар, плинтустарды 4,8 пайызға көбейту жоспарланған. 2007 жылы осы сала өндірісінің көлемі 0,3 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 103,4 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы «Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты» ЖШС ағаш үй салу панелдері үшін құрастырылған клеен брусы өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда.

Қағаз бен қалың қағаз, баспа өнімдері өндірісінің көлемі 2006 жылы 1,9 млрд. теңгені, ТКИ -99,2 пайызды құрады. Азаю өнімдердің тапсырысқа сәйкес шығарылуына байланысты. Жарнама индустриясы мен баспа ісінің дамуына байланысты осы саланың жалпы өндіріс көлемі ағымдағы жылы 2006 жылдың деңгейіне қарағанда 2,0 млрд. теңгені құрайды, құндық мағынада 2,4 пайызды құрайды.

      1. Құрылыс


Құрылыс облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторы болып табылады. 2005-2006 жылдары күрделі құрылысқа 171573,8 млн. теңге инвестиция жіберілген. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылыс-монтаж жұмыстары 75885,7 млн. теңгеге орындалған. Облыста 593 құрылыс ұйымдары мердігерлік жұмыстарды іске асырады.

Көптеген мердігерлік жұмыстар көлемі жеке меншік түріндегі құрылыс ұйымдарының өз күштерімен орындалған (94,0 пайыз).

Егер де 2005 жылы жалпы көлемі 370,3 мың шаршы метр 963 ғимарат салынса, оның ішінде 556 ғимарат тұрғын үй бағытындағы жалпы көлемі 240,8 мың шаршы метр, ал 2006 жылы жалпы көлемі 501,3 мың шаршы метр 1419 ғимарат салынды, оның ішінде жалпы көлемі 314,3 мың шаршы метр тұрғын үй бағытындағы 857 ғимарат.

Тек 2006 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен пайдалануға 4300 оқушы орнына арналған 6 жалпы білім беретін мектеп, 500 орынды 4 мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ұйымы, денсаулық сақтау объектілерінен 233 кереует орнымен 3 аурухана, ауысыммен 98 адам баруға арналған 7 амбулаторлық-емханалық мекеме, 11,3 км су тартқыштар мен су құбыры жүйелері, жергілікті маңыздағы үш қазандық сағатына 7,62 Га, 72 орындық 1 әлеуметтік қамтамасыз ету объектісі, бір мәдениет объектісі, екі дене тәрбиесі мен спорт объектісі және қоршаған ортаны қорғаудың екі объектісі енгізілген. 2006 жылы республикалық бюджет есебінен Қарағанды қаласында 700 орынға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ерекше объекті құрылысы басталды, оны салу 2007 жылы жалғасатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауын, «Қазақстан - 2030» Стратегиясын орындау үшін, Қазақстан жаңа даму кезеңінде. Біздің ішкі және сыртқы саясатымызға бағытталған 30 маңызды бағыттар «мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана құрылысын» іске асыру жобасы, 2007 жылы облыста Абай қаласында 464 орынға арналған орта мектеп құрылысын аяқтау және Балқаш қаласында 1176 орынға арналған орта мектептің құрылысын бастау, Қарқаралы қаласында 360 орынға арналған кәсіптік мектеп құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, жобаға жеті денсаулық сақтау объектісі кірген, оның ішінде екі объектісінің 2007 жылы құрылысы басталатын болады: Теміртау қаласындағы 500 адам баруға арналған диагностика орталығымен қалалық емхана және Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентіндегі 100 кереуетке арналған орталық аудандық аурухана.

      1. Ауыл шаруашылығы


Қазіргі кезде облыстағы ауыл шаруашылығы өндірісі 245 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, 6519 шаруа (фермерлік) қожалығында , халықтың 118,9 қосалқы шаруашылығында іске асырылады.

Ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының барлық егу алаңы 20006 жылы 1057,7 мың ганы құрады. Дәнді-дақылдар 662 мың гаға жайылған. 2006 жылы егін өндірісі 662 мың га. алаңға егілді. Дән өндірісі 2006 жылы 437 тоннаны құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 1,5 есе көп. Облыс бойынша орташа дәнді-дақылдар шығымдылығы 6,9 га құрады, бұл 2005 жылдан 2,7 ц/га көп.

Ірі қара мал саны 395,3 мың басты құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 1,4 пайызға көп, қой мен ешкі – 883,7 мың бас, өсім- 5,2 пайыз, жылқы – 121,7 мың бас, өсім-6 пайыз, шошқа 105,7 мың бас, 2 пайызға кем, құс саны 1625,9 мың – 9,6 пайызға азайған.

2006 жылы ет 108,8 мың тоннаға өндірілді, бұл 2005 жылғы деңгейден 13,3 пайызға көп, сүт – 295,1 мың тонна, - өсім 4 пайыз, жұмыртқа 204,7 млн. дана, өсім – 8,2 пайыз, жүн- 1471 тонна - өсім 6,5 пайыз.

Облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен 495 мамандандырылған мал шаруашылығы өнімдерінің орта және ірі – тауар лар шаруашылығы өндірісімен айналысады (ОІТӨ), оның ішінде 15 ірі және 480 орта. 2006 жылы 24,6 мың тонна ет, сүт – 9,9 мың тонна, жұмыртқа – 148 – млн. дана, жүн – 580,0 тонна өндірілді.


Малдың өнім беру сапасын селекциондық және асыл тұқымды жетілдіру бойынша іс-шаралар бойынша 5 зауыт пен 16 асыл тұқымды шаруашылық, сонымен бірге бұқа-өндіруші өсіретін дистрибьютер орталығы ұйымдастырылған. Асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектілері отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 6302 бас асыл тұқымды қой, 696 бас шошқа, 100 бас асыл тұқымды жас ірі қара мал, 166 бас жас жылқы, 1163 дана жұмыртқа 37 мың доза бұқа өндірушілер тұқымын іске асырған.

Облыс бойынша ірі қара малдарды қолдан ұрықтандырудың 91 пункті жұмыс істейді, малдарды жасанды жолмен ұрықтандыру 26 пайызды құраған.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша бірдей белгімен 425,8 мың бас ірі қара мал, 915,7 мың бас қой мен ешкі, 123,2 мың бас жылқы, 148,2 мың бас шошқа, 1301 бас түйе мен 37,7 мың бас құс мәліметі компьютер базасына енгізілген.

Өңдеу өнеркәсібі (тамақ және жеңіл) кәсіпорындарының өнім өндірістерінің көлемі қолданыстағы бағамен 32,9 млрд. теңгені немесе 2005 жылға 106,1 пайызды құрады. Оның ішінде 32,1 млрд. теңгесі (97,3 пайыз) тамақ өнімдеріне келеді (сусындарды қоса алғанда), 0,8 млрд. теңге (2,5 пайыз) тоқыма және тігін өнеркәсібіне және 63,0 млн. теңге (0,2 пайызы) былғары, былғары бұйымдары мен аяқ киім өндірісі.

2006 жылдан бастап облыстың өңдеу кәсіпорындары шығаратын өнімдер сапасын жақсарту бойынша және ИСО халықаралық стандартына кәсіпорындарды көшіру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.

Егер 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша менеджмент сапасы жүйесін ендірген облыстың тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары 3 құраған, оның ішінде: «Қарағанды маргарин зауыт» ААҚ, «Морделикатес» ЖШС, «Балқашбалық» ЖШС, ал 2006 жылдың мамыр айында сүт өндіретін «Жезқазған сүт және К» кәсіпорны МЖС ендіру бойынша жұмыстарды аяқтады және ИСО 9001-2001 сериялы менеджмент сапасы жүйесіне сәйкес сертификат алған.

2006 жлыдың қараша айында «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС МСС енгізу бойынша жұмыстарын аяқтады және ИСО сериялы менеджмент сапасы жүйесіне сәйкес сертификат алды.

«Корпорация Қарағанды Нан» ЖШС, «Қарағанды мелькомбинат» ЖШС, «Ақнар - ҚФ» ЖШС, «А-Алтын» ЖШС мен «Құрма Агрофирма» ЖШС республикалық бюджеттік бағдарламаны жекелеген (50 пайызға дейін) халықаралық менеджмент сапасы стандартын сертификаттау мен енгізуді әзірлеу бойынша кәсіпорындар жұмсаулары сомасын арзандатуды іске асыруға қатысты. Бұл кәсіпорындар жұмыстарын 2006 жылдың желтоқсанында аяқтады.

Облыстың өңдейтін кәсіпорындары жыл сайын республикалық бюджеттік бағдарлама «Кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейлі банктер берген кредиттер бойынша көтермелеу (мүдде) ставкасын субсидиялау»- ды іске асыруға қатысты. Осылайша, 2006 жылы 17 кәсіпорын жалпы сомасы 1971 млн. теңгеге кредит алды, онда субсидия сомасы 147 млн. теңгені құрады, нәтижесінде соңғы қарыз алушыға пайыздық ставка орта есеппен 5 тен 7 пайызды құрады.

Ет өңдеу бойынша кәсіпорындарда «Хенкель» (Финляндия) Компаниясының линиясы жұмыс істейді, ал мынандай ірі кәсіпорындар «Қарағанды маргарин зауыты» АҚ мен «Эфес-Қарағанды» СП технологиялық жабдықтарын негізгі жеткізуші болып неміс компаниялары табылады.

Облыстың сүт өңдеу кәсіпорындары ескі кеңес дәуіріндегі жабдықтарды кезекпен жаңа жабдықтарға негізінен ресей өндірген жабдықтарға жекелеген қымбат еместерін қоспағанда (өлшеу автоматтарын, баға жасаушылар мен т.б.) ауыстыруда.

Қазіргі кезде облыстың ауыл шаруашылығын өндірушілерінде барлық маркалы 8802 трактор, 2510 комбайн (оның 2434 егін жинаушы), барлық маркалы 2638 жүк машиналары мен 20 мың бірлік егін егетін, түптейтін және басқа техникалар бар.

Өткен жылы лизингтік негізде өсімдік өсіру үшін 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, мал шаруашылығы субъектілері үшін 6 бірлік жабдықтар алынды.

2006 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы тікелей кредитпен негізгі құралдарын жаңарту бойынша және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар өз жұмыстарын бастады. Олар жаңа ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін технологиялық жабдықтарды жалпы сомасы 182 млн. теңгеге алды.

2006 жыл шамасында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ бірлесіп ауылдық кредиттік серіктестіктер (АКС) Абай мен Ұлытау аудандарында құрылды. Қазіргі кезде АКС барлық ауылдық аудандарда бар және 300 астам қатысушылар мен облыстың 113 ауылдық округтарын (59 пайыз) біріктіреді. Олар 162 жобаға 282,2 млн. теңгеге кредит берді, бұл 2005 жылға қарағанда 1,5 есе артық.

Жыл шамасында ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, өңдеу, сақтау, дайындау бойынша кооперативтер (серіктестіктер) ауыл шаруашылығын құру бірлестіктерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2 жобаға 83,4 млн. теңгеге кредит берілді.

1. «Сүт әлемі» СПК – Бұқар жырау мен Осакаров ауданына қызмет көрсететін сүт өңдеу мен дайындау бойынша 77,4 млн. теңгеге кредит берілді;

2. «Балқантау» СПК – Қарқаралы ауданына қызмет көрсететін ет дайындау, шикіхат өндіруге 6,0 млн. теңге сомасында кредит берілді.

Сонымен қатар, жаңаарқа ауданында сүт өңдеу мен дайындауға «Зергер Арго» СПК құру бойынша 62,8 млн. теңгеге жоба эксперттік комиссияның оңтайлы қорытындысын алды және қазіргі кезде жоба қаржыландыруда жатыр.

      1. Көлік және коммуникация