Ақпарат -релиз   Өскемен қаласы

Вид материалаДокументы
Подобный материал:
Ақпарат -релиз

 

Өскемен қаласы


2011 жылдың 1 кварталы бойынша табыс бойынша жоспардың барлық деңгейдегі бюджетін облыстың барлық аумақтық салық басқармалары орындады.


2011 жылдың 28 сәуірінде ШҚО бойынша Салық департаментінің өндірістіқ кеңесінің отырысы өтті. Өндіріс кеңесін ашып, «ШҚО облысы бойынша Салық департаментінің 2011 жылыдың 1 кварталы бойынша жүргізген бақылау-экономикалық жұмысының қорытындысы және 2011 жылдың 2 кварталына жүктелетін міндеттері» есепті баяндамасымен ШҚО бойынша Салық департаментінің бастығы Т.Мамаев сөз сөйледі.

Өндірістік кеңестің жұмысына Салық департаментінің басшылығы, басқарма бастықттары және аумақтық салық басқармаларының бастықтары қатысты. Шақырылғандардан «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ бас директорының қаржы және экономика бойынша орынбасары Садыков С.Ж. қатысты.

2011 жылдың 1 кварталының қорытындысы бойынша бюджетке түсетін салық пен басқа міндетті төлемдердің түсімдерінің болжамы 144,6%-ға орындалды (24,4 млрд. теңге болжам үстінде, нақты 35,2 млрд. теңге түсті, болжамнан ауытқы 10,8 млрд. теңге). Өсу қарқыны 159,4 % немесе МБ-ке түсім 13,1 млрд. теңгеге өсті.

Республикалық бюджетке түсімдердің болжамы 164,8 %-ға орындалды (14,5 млрд. теңге болжам үстінде, нақты 23,9 млрд. теңге түсті, болжамнан ауытқы 9,4 млрд. теңге). Өсу қарқыны 192,2% немесе РБ-ке түсім 11,4 млрд. теңгеге өсті.

Жергілікті бюджетке 2011 жылдың 1 кварталының түсімдерінің болжамы 115,1%-ға орындалды (9,9 млрд. теңге болжам үстінде, нақты 11,4 млрд. теңге түсті, болжамнан ауытқы 1,5 млрд. теңге). 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда өсу қарқыны 117,5 % болды немесе ЖБ-ке түсім 1,7 млрд. теңгеге өсті

Бюджеттің барлық деңгейінің кірістері бойынша жоспар барлық аумақтық салық басқармаларымен орындалды.

459 құрама және тақырыптық тексерудің қорытындысы бойынша бюджетке қосымша 3,8 млрд.теңге түсті. Оның 1,4 млрд. теңгесі өндіріліп, былтырғы мерзімнен 1,0 млрд теңгеге артық болды.

Төлеу мерзімі келмеген шағым арыздағы дәрменсіз процедурасы бойынша шығынға жазылған үмітсіз сомаларды есептемегенде өндірілген сомаларды есептемегенде 99,5 % қамтамасыз етілген.

Қосымша резервті айқындау бойынша уәкілетті органдармен бірге салық есептілік беру нысандары бойынша өткізген шаралардың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 0,4 млрд. теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 0,3 млрд. теңге түсті.

Салық қызметінің сапасына ерекше көңіл бөлінген. ШҚО бойынша Салық Департаменті салық қызметінің сапасын арттыру үшін жұмыс жүргізуді жалғастыруда. 2011 жылдың 14 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтің қатысуымен Семей қаласы салық басқармасында мәліметтерді қабылдау және өндеу жаңа орталығы ашылды.

Есепті баяндамасынан кейін ШҚО облысы бойынша Салық департаментінің бастығы Мамаев Т.Ш. «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ бас директорының қаржы және экономика бойынша орынбасары С.Ж. Садыковқа диплом беріліп, «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылының ең үздік салықтөлеушісі» атағына ие болды.

Өндірістіқ кеңестің отырысының аяғында ШҚО облысы бойынша Салық департаментінің бастығы Семей қаласында 23.04.2011 жылы өткен Салық қызметінің 20 жылдығына арналған спорттық шараларда волейболдан әйелдер командасына бірінші орын алғаны үшін алғыс білдірді.


ШҚО бойынша СД

Әкімшіліқ басқармасы